"Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 35-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                             2009 жылғы 10 наурыздағы
                                                 N 35-ө өкімімен
                                                   бекітілген

   "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен
  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009
жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
           нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы наурыз

2.

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), ТЖМ, Қоршағанортамині

2009 жылғы наурыз

3.

Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ДСМ

2009 жылғы наурыз

4.

Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ДСМ

2009 жылғы наурыз

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы наурыз

6.

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині

2009 жылғы наурыз

7.

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2009 жылғы наурыз

8.

Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарына паспорттар беруді жүргізу ережесін және паспорттың нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2009 жылғы наурыз

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ           - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ТЖМ           - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі
ДСМ           - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады