2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 56 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. 2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 56 қаулысымен 
мақұлданған    

жоба

  2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан
Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми
дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және
олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Тәжікстан Республикасының қосылуы туралы 2002 жылғы 26 ақпанда қол қойылған хаттаманы және 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 26 ақпанда қол қойылған хаттаманы (бұдан әрі - 2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттама) ескере отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған хаттаманы және 2002 жылғы 26 ақпандағы хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы 200_ жылғы "__" ______ қол қойылған хаттаманы назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 2-бапта "Қырғыз Республикасында берілетін негізгі білім туралы куәлікті" деген сөздерден кейін "және" деген шылау алынып тасталсын, "Тәжікстан Республикасы беретін аяқталмаған орта білім туралы куәлікті" деген сөздерден кейін "Өзбекстан Республикасында берілетін толық емес орта білім туралы куәлікті, базалық білім туралы куәлікті, жалпы орта білім туралы аттестатты" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 3-бап бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өзбекстан Республикасында берілетін орта білім туралы аттестатты және арнайы, кәсіптік орта білім туралы дипломды (академиялық лицей дипломын және кәсіптік колледж дипломын)" және одан әрі мәтін бойынша.
      3. 4-бап "Тәжікстан Республикасында берілетін аға маманның арнайы орта білімі туралы дипломы" деген сөздерден кейін "Өзбекстан Республикасында берілетін кәсіптік-техникалық білім, арнайы, кәсіптік орта білім туралы дипломдар" деген сөздермен толықтырылсын және одан әрі мәтін бойынша.
      4. 5-бап "аға маман дипломын" деген сөздерден кейін "Өзбекстан Республикасында берілетін арнайы орта, кәсіптік білім туралы дипломы" деген сөздермен толықтырылсын және одан әрі мәтін бойынша.
      5. 6-бап "толық емес жоғары білім туралы куәлікті" деген сөздерден кейін "Өзбекстан Республикасындағы жоғары білім беру мекемелері беретін академиялық анықтаманы" деген сөздермен толықтырылсын.
      6. 7-бап "толық жоғары білім туралы маманның дипломын" деген сөздерден кейін "және" деген шылаудың орнына үтір қойылсын, ал "Қырғыз Республикасында" деген сөздерден кейін "және Өзбекстан Республикасында", сондай-ақ "Тәжікстан Республикасы" деген сөздерден кейін "және Өзбекстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. 8-бапта "Қырғыз Республикасында" деген сөздерден кейін "және" деген шылаудың орнына үтір қойылсын, ал "Тәжікстан Республикасында" деген сөздерден кейін "және Өзбекстан Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын.
      8. 9-бап бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Өзбекстан Республикасында берілетін және маман біліктілігін беру туралы куәландыратын жоғары білім туралы дипломды".
      9. 10-бапта бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын: "Өзбекстан Республикасында берілетін және магистр дәрежесін беру туралы куәландыратын жоғары білім туралы дипломды".

    2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді. 
      Осы Хаттама Келісімнің қолданылу кезеңінде әрекет етеді.
      200__ жылғы "___ " _______ ________ қаласында орыс тіліндегі бір данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін Тараптарға жіберетін депозитарийде - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.

Беларусь Республикасының      Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін               Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының   Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін               Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының      Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады