Электр энергетикасы саласындағы қазақстан-қырғыз өзара қарым-қатынастары мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Дүйсенбай Нұрбайұлы және минералдық ресурстар
вице-министрі, жетекші
Ли - "КЕGОС" акционерлік қоғамының жүйелік
Валерий Константинович қызметтер және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы
директоры (келісім бойынша),
жетекшінің орынбасары
Барамысова - Қазақстан Республикасы Энергетика
Ғазиза Әзімханқызы және минералдық ресурстар министрлігі
Электр энергетикасын және көмір
өнеркәсібін дамыту департаментінің
нормативтік және заңнамалық базаны
әзірлеу басқармасының бастығы, хатшы
Бертісбаев - Қазақстан Республикасы Энергетика
Несіпқұл Бертісбайұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Электр энергетикасын және көмір
өнеркәсібін дамыту департаментінің
директоры
Қуанышбаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Ермек Мекебайұлы министрлігінің Халықаралық құқық және
мемлекеттің мүліктік құқықтарын
қорғау департаменті директорының
орынбасары
Асхатов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Рафхат Аңғасынұлы министрлігі Кедендік бақылау
комитетінің энергия ресурстарын
кедендік бақылауды ұйымдастыру
басқармасы бастығының орынбасары
Қуанышбаев - "КЕGОС" акционерлік қоғамы Жүйелік
Жәнібек Болатбекұлы қызметтер департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Дүзелбаев - "Достық-Энерго" акционерлік қоғамының
Ерлан Мирамғалиұлы президенті (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2009 жылғы қазанға дейінгі мерзімде Қырғызстан - Қазақстан - Қырғызстан бағыты бойынша электр энергиясының транзиті және Қырғыз Республикасынан жеткізілген электр энергиясы үшін берешекті анықтау мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов