Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 126-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2010 жылғы 6-7 қыркүйекте Өскемен қаласына (Шығыс Қазақстан облысы) Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне «1+10» форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Pесей Федерациясы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Өскемен қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Өскемен қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      6. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Президенті атынан Ресей Федерациясының Президенті құрметіне ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кофе-брейк ұйымдастырсын, Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығының VII Форумының пленарлық бөлігін аудиожазуды және стенографиялауды, іс-шара өтетін орында микрофондар мен дыбыс күшейткіштің болуын қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеуді, отандық және шетелдік журналистердің қатысуымен халықаралық баспасөз орталығының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      9. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ресей Федерациясының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, Өскемен қаласының әуежайы мен көшелерін безендіруді, баратын жерлерде бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      10. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығының VII Форумының пленарлық бөлігі өтетін орындарда баспасөз орталығын, штабтық бөлмелерін телефон байланысымен, ұйымдастыру техникасымен және кеңсе тауарларымен жабдықтасын.
      11. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов       

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 126-ө өкіміне    
қосымша        

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін («1+10» форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Өскемен қаласының қонақ үйлеріне орналастыру.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің, ресми делегация мүшелерінің және Ресей Федерациясы субъектілері басшыларының құрметіне қабылдау, сондай-ақ мемлекеттер басшылары үшін таңғы жұмыс ас ұйымдастыру.
      3. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      4. Ресми делегация мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады