Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 139-ө Өкімі

      2010 жылғы 29 қазан - 5 қараша кезеңінде Алматы қаласында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресін (бұдан әрі - Конгресс) сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Конгресті дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
      2. Ұйымдастыру комитеті 2010 жылғы 20 қазанға дейінгі мерзімде Конгресті дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлесін және бекітсін.
      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 139-ө өкімімен 
бекітілген    

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Есімов                      - Алматы қаласының әкімі, төраға
Ахметжан Смағұлұлы

Қанағатов                   - Қазақстан Республикасы Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы          спорт министрлігі Спорт комитетінің
                              төрағасы, төрағаның орынбасары

Әбілғазин                   - «Қазақстандық бокс федерациясы» заңды
Данияр Рүстемұлы              тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                              директоры (келісім бойынша), төрағаның
                              орынбасары

Хавлахат                    - Қазақстан Республикасы Туризм және
Болат                         спорт министрлігінің Спорт комитеті
                              «Ұлттық штаттық командалар және спорт
                              резерві дирекциясы» республикалық
                              мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жоғары
                              жетістіктер спорты және халықаралық
                              байланыстар басқармасының бастығы,
                              хатшы

Жошыбаев                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы             министрлігінің жауапты хатшысы

Садықов                     - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Болат Нұрмырзаұлы             министрлігінің жауапты хатшысы

Әубәкіров                   - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Амантай Акрамұлы              вице-министрі

Бектұров                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы                және коммуникация вице-министрі

Бөрібаев                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Ысмайылұлы              вице-министрі

Сарыбеков                   - Қазақстан Республикасының Білім
Махметғали Нұрғалиұлы         және ғылым вице-министрі

Оразов                      - Қазақстан Республикасының Байланыс
Нұрай Нұрғожаұлы              және ақпарат вице-министрі

Кәрбозов                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы       министрлігінің Кедендік бақылау
                              комитетінің төрағасы

Досымбетов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы                олимпиада комитетінің бас хатшысы
                              (келісім бойынша)

Хайдаров                    - Алматы қаласының әкімдігі туризм,
Қайырболат Саламатұлы         дене шынықтыру және спорт
                              басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады