Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2011.08.26 № 114-ө Өкімімен.
Халықаралық тәжірибені зерделеуді есепке ала отырып, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту және оларды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі, жетекші
Сәрсенов - Қазақстан Республикасының Байланыс
Сәкен Сейітжаппарұлы және ақпарат вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Сәдуақасова - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Жанат Жолдасқызы ақпарат министрлігінің Ақпараттық
технологиялар саласындағы мемлекеттік
саясат департаменті электрондық
қызметтерді дамыту басқармасының
бастығы, хатшы
Ыбыраева - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Амангүл Құмарбекқызы Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр
жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Аюпов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Рашид Абатоллаұлы Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр
жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі
Мусин - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Бағдат Батырбекұлы ақпарат министрлігі Мемлекеттік
қызметтерді автоматтандыруды бақылау
және халыққа қызмет көрсету
орталықтарының қызметін үйлестіру
комитеті төрағасының орынбасары
Евдокимов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сергей Викторович даму және сауда министрлігінің
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
департаменті директорының орынбасары
Шекимова - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Людмила Николаевна қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік
қызметті құқықтық қамтамасыз ету
департаменті директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Бектенов - Қазақстан Республикасы Әділет
Олжас Абайұлы министрлігі Тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету комитеті
төрағасының орынбасары
Жұмаділдаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әнуар Серқұлұлы министрлігінің Салық комитеті
төрағасының орынбасары
2. Жұмыс тобы кезең-кезеңімен 2011 жылғы 10 мамырға және 15 қазанға дейінгі мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеуді есепке ала отырып, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту және оларды автоматтандыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізсін;
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов