Халықаралық тәжірибені зерделеуді есепке ала отырып, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту және оларды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 48-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 114-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2011.08.26 № 114-ө Өкімімен.

      Халықаралық тәжірибені зерделеуді есепке ала отырып, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту және оларды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Жұмағалиев                  - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы               ақпарат министрі, жетекші

Сәрсенов                    - Қазақстан Республикасының Байланыс
Сәкен Сейітжаппарұлы          және ақпарат вице-министрі, жетекшінің
                              орынбасары

Сәдуақасова                 - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Жанат Жолдасқызы              ақпарат министрлігінің Ақпараттық
                              технологиялар саласындағы мемлекеттік
                              саясат департаменті электрондық
                              қызметтерді дамыту басқармасының
                              бастығы, хатшы

Ыбыраева                    - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Амангүл Құмарбекқызы          Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр
                              жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Аюпов                       - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Рашид Абатоллаұлы             Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр
                              жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі

Мусин                       - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Бағдат Батырбекұлы            ақпарат министрлігі Мемлекеттік
                              қызметтерді автоматтандыруды бақылау
                              және халыққа қызмет көрсету
                              орталықтарының қызметін үйлестіру
                              комитеті төрағасының орынбасары

Евдокимов                   - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сергей Викторович             даму және сауда министрлігінің
                              Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
                              департаменті директорының орынбасары

Шекимова                    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Людмила Николаевна            қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік
                              қызметті құқықтық қамтамасыз ету
                              департаменті директорының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Бектенов                    - Қазақстан Республикасы Әділет
Олжас Абайұлы                 министрлігі Тіркеу қызметі және
                              құқықтық көмек көрсету комитеті
                              төрағасының орынбасары

Жұмаділдаев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әнуар Серқұлұлы               министрлігінің Салық комитеті
                              төрағасының орынбасары

      2. Жұмыс тобы кезең-кезеңімен 2011 жылғы 10 мамырға және 15 қазанға дейінгі мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеуді есепке ала отырып, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту және оларды автоматтандыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізсін;
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады