Астана қаласының EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық үйлестірушіні тағайындау және үйлестіру тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 73-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Р.С. Жошыбаев Астана қаласының көрмені өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын.
      2. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласының көрмені өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі үйлестіру тобы (бұдан әрі - үйлестіру тобы) құрылсын.
      3. Үйлестіру тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізілсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 73-ө өкіміне   
қосымша       

Астана қаласының EXPO - 2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін
өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі
үйлестіру тобының құрамы

Жошыбаев                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы              министрлігінің жауапты хатшысы, ұлттық
                               үйлестіруші

Ысқақов                      - Қазақстан Республикасының Президенті
Жәнібек Сапарұлы               Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                               мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                               орынбасары (келісім бойынша)

Төлеуханов                   - Қазақстан Республикасы
Дәурен Айтмұхаметұлы           Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
                               орынбасары

Орынханов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Қадесұлы                 ғылым вице-министрі

Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы                 даму және сауда вице-министрі

Тұрғанов                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Дүйсенбай Нұрбайұлы            және жаңа технологиялар вице-министрі

Оразов                       - Қазақстан Республикасының Байланыс
Нұрай Нұрғожаұлы               және ақпарат вице-министрі

Қазыбаев                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Айдар Қалымтайұлы              даму және сауда министрлігі Сауда
                               комитетінің төрағасы

Кәкен                        - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қарлығаш Ғазизқызы             спорт министрлігі Туризм индустриясы
                               комитетінің төрайымы

Қожағапанов                  - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Ерлан Тоқтарханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады