Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеу жөнiндегi 2011 - 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 106-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеу жөнiндегi 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2)  тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 10 тамыздағы
№ 106-ө өкімімен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын
кешенді әзірлеу жөнiндегi 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с

Жұмыстар мен іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Дайындық кезеңі

1. Ұйымдастырушылық және институционалдық іс-шаралар

1.

Бас схеманың құрылымын әзірлеу және келісу

ҚТҮКШІА бұйрығы

ҚТҮКШІА

2011 жылғы
IV тоқсан 

2.

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру мен пайдалануды кешенді бағалаудың бірыңғай тәсілдерін, өлшемдері мен әдістемесін әзірлеу және бекіту

ҚТҮКШІА бұйрығы

ҚТҮКШІА

2011 жылғы
IV тоқсан

3.

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын экономикалық мамандандыру және оларды басымдықпен пайдалану түрлері бойынша жіктеудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу және бекіту

Бірлескен бұйрық

ҚТҮКШІА, ЭДСМ

2011 жылғы
IV тоқсан 

4.

Бас схеманың цифрлық картографиялық негізін қалыптастыру үшін цифрлық шартты белгілердің, салааралық терминологиялық базаның бірыңғай жіктеуішін жасау

ҚТҮКШІА бұйрығы

ҚТҮКШІА, АШМ, ККМ, БАМ, ЖРА

2012 жылғы
I тоқсан

5.

Бірыңғай ведомствоаралық цифрлық шартты белгілер (жіктеуіш) жүйесін салааралық терминологиялық базаны, картографиялық негізді және мамандандырылған географиялық ақпараттық ортаның негізінде ведомствоаралық ақпараттық жүйені жасау

ҚТҮКШІА бұйрығы

ҚТҮКШІА, БАМ

2013 жылғы
ІІ тоқсан

6.

Бас схеманың ведомствоаралық ақпараттық жүйесін толтыру үшін мемлекеттік органдардың деректерді беру әдістемесін әзірлеу және бекіту

Бірлескен бұйрық

ҚТҮКШІА, БАМ

2013 жылғы
IІ тоқсан

2. Қазақстан Республикасы аумағының қазіргі жай-күйін
талдау және кешенді бағалау

1.

Бастапқы деректерді жинау, халықты қоныстандырудың және елді мекендер дамуының қазіргі жай-күйін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, АШМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2011 жылғы
IV тоқсан

2.

Бастапқы ақпаратты жинау, экономика салаларының өндіргіш күштерін дамытудың ресурстық әлеуетті және қазіргі жай-күйін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, АШМ, ИЖТМ, МГМ, ТСМ, ККМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, БАМ, БҒМ, ЖРА, СА, ҰҒА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2011 жылғы
IV тоқсан

3.

Бастапқы деректерді жинау, елді мекендердің экономикалық дамуының қазіргі жай-күйін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, АШМ, «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2011 жылғы
IV тоқсан

4.

Бастапқы деректерді жинау, елді мекендердің мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік даму деңгейінің қазіргі жай-күйін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, АШМ, ММ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, ЭДСМ, СА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2011 жылғы
IV тоқсан

5.

Бастапқы деректерді жинау, Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, Қоршағанортамині, ДСМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2011 жылғы
IV тоқсан

6.

Бастапқы деректерді жинау, Қазақстан Республикасы аумағының инженерлік, туристік және көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының қазіргі жай-күйін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ККМ, БАМ, ТЖМ, МГМ, ТСМ, ҰҒА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2011 жылғы
IV тоқсан

7.

Бастапқы деректерді жинау, Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарының экономикалық және ресурстық әлеуетін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА,  ЭДСМ, ИЖТМ, СІМ, облыстардың әкімдері, ҚСЗИ (келісім бойынша), ЭЗИ (келісім бойынша), «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2011 жылғы
IV тоқсан

8.

Қазақстан Республикасының аумағын талдау және бағалау, аумақты ұйымдастыруға және тиімді пайдалануға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, МГМ, БАМ, Қоршағанортамині, ММ, ІІМ, Қорғанысмині, СІМ, ҚСЗИ (келісім бойынша), ЭЗИ (келісім бойынша), «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2011 жылғы
IV тоқсан

9.

Бастапқы деректерді жинау, Қазақстан Республикасы аумағында халықты қоныстандыруға және өндіргіш күштерді орналастыруға шектес мемлекеттер экономикаларының, Кеден одағы мен ЕурАзЭҚ-тің әсерін талдау және бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, Қаржымині, СІМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері, ҚСЗИ (келісім бойынша), ЭЗИ (келісім бойынша), «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2012 жылғы
I тоқсан

10.

Бастапқы деректерді жинау, Қазақстан Республикасының аумағын, оның ішінде оның географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайын талдау және кешенді бағалау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, Қорғанысмині, СІМ, облыстардың әкімдері, ҚСЗИ (келісім бойынша), ЭЗИ (келісім бойынша)

2012 жылғы
I тоқсан

2. Жобалау кезеңі

1. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың
нұсқаларын әзірлеу

1.

Қоныстандырудың қалыптасқан схемаларын дамыту мен жетілдіру нұсқаларын әзірлеу 

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, Еңбекмині

2012 жылғы
IV тоқсан

2.

Демографиялық жағдайды жақсарту және көші-қон үдерістерін реттеу бойынша нұсқалар мен ұсыныстар әзірлеу 

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, Еңбекмині, ДСМ, ІІМ, СА

2012 жылғы
IV тоқсан

3.

Өндіргіш күштерді перспективалық орналастыру, серпінді дамудың межелері мен аймақтарын қалыптастыру бойынша нұсқалар мен ұсыныстарды әзірлеу

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, АШМ, ИЖТМ, «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2012 жылғы
IV тоқсан

4.

Қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық желісін перспективалық дамыту бойынша болжамдық нұсқалар мен ұсыныстар әзірлеу

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ККМ, МГМ, БАМ, «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2012 жылғы
IV тоқсан

5.

Қазақстан Республикасы аумағының инженерлік инфрақұрылымын перспективалық дамыту бойынша нұсқалар мен ұсыныстар әзірлеу

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ККМ, «Атамекен» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2012 жылғы
IV тоқсан

6.

Қазақстан Республикасының ірі қалаларын перспективалық дамыту бойынша нұсқалар мен ұсыныстар әзірлеу 

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, Қоршағанортамині, ЖРА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2012 жылғы
IV тоқсан

7.

Қазақстан Республикасының аумағында агломерацияны қалыптастыру және урбанизация мен субурбанизация үдерістерін басқару бойынша нұсқалар мен ұсыныстар әзірлеу 

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ІІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, СА

2012 жылғы
IV тоқсан

8.

Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

Қоршағанортамині, АШМ, ТСМ, ТЖМ, МГМ, Қорғанысмині, ЖРА, ҰҒА, ПІБ (келісім бойынша), ҚТҮКШІА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері 

2012 жылғы
IV тоқсан

2. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру бойынша
жобалық шешімдерді әзірлеу

1.

Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси даму факторларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында халықты қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін ақпарат жинау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, Қоршағанортамині, Еңбекмині, СІМ, ИЖТМ, МГМ, Қорғанысмині, АШМ, ККМ, ПІБ (келісім бойынша), ЖРА

2013 жылғы
IІ тоқсан

2.

Қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде оларды пайдаланудың басымдықтары мен шектеулерін анықтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағын аймаққа бөлу схемаларын жасау үшін ақпарат жинау

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, Қоршағанортамині, Қорғанысмині, ККМ, ИЖТМ, МГМ, АШМ, ПІБ (келісім бойынша), ЖРА

2013 жылғы
IІ тоқсан

3.

Республикалық және өңіраралық маңызы бар әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын, айрықша реттеу мен қала құрылысы регламенттеу объектілерін дамытудың схемаларын және жобаларын әзірлеу   

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2013 жылғы
IІ тоқсан

4.

Республикалық маңызы бар инженерлік, көліктік, әлеуметтік, туристік және экологиялық инфрақұрылымдарды дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу   

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, АШМ, ПІБ (келісім бойынша), ЖРА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2013 жылғы
ІІ тоқсан 

5.

Экологиялық жағдайды жақсарту, жерлерді және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тарихи-мәдени және табиғи мұра объектілерінің аумақтарын сақтау бойынша шаралар кешені әзірлеу

ҚТҮКШІА-ға ақпарат

ҚТҮКШІА, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, Қоршағанортамині, АШМ, ТСМ, ММ, ЖРА, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2013 жылғы
ІІ тоқсан

6.

Бас схеманың негізгі ережелерін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚТҮКШІА,
Әділетмині, Қаржымині, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, БАМ, Қоршағанортамині, АШМ, ДМ, БҒМ, ТСМ, ІІМ, ЖРА

2013 жылғы
ІІІ тоқсан

7.

Бас схеманы келісу және бекіту

ҚТҮКШІА бұйрығы

ҚТҮКШІА

2013 жылғы
IV тоқсан 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
СА – Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі
ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
ҚТҮКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгi
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
ҚСЗИ – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
ЭЗИ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты
«Атамекен» ҚҰЭП – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады