«Мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 95-ө өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.1 |
Мыналар: |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
Қаржыминi, ЭДСМ, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi |
|
1) 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бойынша; |
2012-2013 жылдар, 30 қаңтар |
|||
2) 2014 жылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың жаңа форматын және бюджеттiк бағдарламалар форматын кезең-кезеңiмен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу |
2014 жылғы 30 шілде |
»;
реттік нөмірі 1.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.3 |
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуді регламенттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірлеу және енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы, ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ |
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы қабылданғаннан кейiн бiр ай мерзiмде |
»;
реттік нөмірі 5.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.1 |
Бюджеттiк бағдарламалар нәтижелерi көрсеткiштерiнiң мониторингiн енгiзу бөлiгiнде: |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығы |
Қаржыминi |
|
- 2013 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде; |
2013 жылғы 30 шiлде |
|||
- 2014 жылы барлық мемлекеттiк органдарда Бюджеттiк мониторингтi жүргiзу нұсқаулығына толықтырулар енгiзу |
2014 жылғы 30 желтоқсан |
».
Премьер-Министр С. Ахметов