"Мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 95-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 212-ө Өкімі

      «Мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 95-ө өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 1.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.1

Мыналар:

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Қаржыминi, ЭДСМ, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi


1) 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бойынша;

2012-2013 жылдар, 30 қаңтар

2) 2014 жылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың жаңа форматын және бюджеттiк бағдарламалар форматын кезең-кезеңiмен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу

2014 жылғы 30 шілде

                                                                  »;
      реттік нөмірі 1.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.3

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуді регламенттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы, ЭДСМ бұйрығы

ЭДСМ

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы қабылданғаннан кейiн бiр ай мерзiмде

                                                                  »;

      реттік нөмірі 5.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

5.1

Бюджеттiк бағдарламалар нәтижелерi көрсеткiштерiнiң мониторингiн енгiзу бөлiгiнде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығы

Қаржыминi


- 2013 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде;

2013 жылғы 30 шiлде

- 2014 жылы барлық мемлекеттiк органдарда Бюджеттiк мониторингтi жүргiзу нұсқаулығына толықтырулар енгiзу

2014 жылғы 30 желтоқсан

                                                                  ».

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады