Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 71-ө өкімімен
бекітілген
Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу процесін жалпы ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету |
2013 жылғы сәуір – 2014 жылғы мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ |
2 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізуге байланысты іс-шараларды хабар тарату және баспа БАҚ-та жария ету жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту |
2013 жылғы сәуір – мамыр |
МАМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ұйымдастыру комитеті |
3 |
Өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға демеушілерді, оның ішінде бас және ақпараттық демеушілерді тарту мәселесін пысықтау |
2013 жылғы сәуір – желтоқсан |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
4 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі бойынша Қазақстанның веб-сайты дизайнын әзірлеу және оның мазмұнын толтыру |
2013 жылғы сәуір – желтоқсан |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Астана қаласының әкімдігі, ИЖТМ, МАМ, СІМ |
5 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін медиа-жоспарға сәйкес БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жариялау |
2013 жылғы маусым – 2014 жылғы мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), МАМ, СІМ, ЭБЖМ |
6 |
АДБ талаптарына сәйкес Астана қаласының әуежайында 47-ші жыл сайынғы мәжіліске қатысушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету |
2013 жылғы маусым – 2014 жылғы мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «Астана халықаралық әуежайы» АҚ (келісім бойынша) |
7 |
Спикерлер мен модераторлар тізімін қалыптастыру және АДБ-ға ұсыну |
2013 жылғы қыркүйек-қараша |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ұйымдастыру комитеті |
8 |
Шақырылатын қатысушылар тізімін қалыптастыру және келісу |
2013 жылғы желтоқсан |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ұйымдастыру комитеті |
9 |
АДБ талаптарына сәйкес 47-ші жыл сайынғы мәжілісті өткізу кезеңінде Астанаға және Астанадан тікелей халықаралық әуе рейстерін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау |
2014 жылғы қаңтар |
ККМ, «ЭйрАстана» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитеті |
10 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу ғимараттарында залдарды және тиісті үй-жайларды жалға алу мәселесін пысықтау |
2014 жылғы қаңтар-ақпан |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, БҒМ, ұйымдастыру комитеті |
11 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу кезеңіне Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» сарайындағы оқыту сабақтарын басқа оқыту корпустарына ауыстыру мәселесін пысықтау |
2014 жылғы қаңтар-ақпан |
БҒМ, ҚазҰӨУ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті |
12 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінде жұмыс істеу үшін студенттер қатарынан еріктілерді тарту |
2014 жылғы қаңтар-сәуір |
БҒМ, Назарбаев университеті (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
13 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу орындарында қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру |
2014 жылғы қаңтар-сәуір |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
14 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі шеңберінде мәдени іс-шараларды өткізу бағдарламасын әзірлеу |
2014 жылғы қаңтар-сәуір |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), МАМ, ЭБЖМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
15 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі шеңберінде ресми пайдалануға арналған АДБ жабдықтары мен материалдарын жедел кедендік бақылау мен ресімдеуді қамтамасыз ету |
2014 жылғы қаңтар-мамыр |
Қаржыминінің КБК |
16 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінің VIP –персоналары мен барлық қатысушылары үшін қабылдаушы тараптың атынан ресми қабылдауларды ұйымдастыру және өткізу |
2014 жылғы қаңтар-мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Астана қаласының әкімдігі, ҚР ПІБ (келісім бойынша), СІМ, ұйымдастыру комитеті |
17 |
АДБ талаптарына сәйкес байланыспен және коммуникациялармен, техникалық жабдықтаумен қамтамасыз ету |
2014 жылғы ақпан-сәуір |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ККМ, МАМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша), «Kazsatnet» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша) |
18 |
АДБ талаптарына сәйкес іс-шаралар өткізілетін орындарда және қатысушылар тұратын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпарат ұсыну |
2014 жылғы наурыз |
ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
19 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру және ресми делегаттардың жұбайына (жұбайларына) арналған мәдени бағдарламаны пысықтау |
2014 жылғы наурыз-мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, МАМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, ұйымдастыру комитеті |
20 |
Делегация басшылары мен VIP-персоналар үшін автокөлік қызметін қамтамасыз ету |
2014 жылғы наурыз-мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ПІБ (келісім бойынша) |
21 |
Қонақүйлер және АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінің іс-шараларын өткізу орындары арасында автобустық қозғалысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру |
2014 жылғы наурыз-мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті |
22 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу кезеңінде халықаралық баспасөз-орталығын ұйымдастыру және оның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
2014 жылғы 1 сәуірге дейін |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ККМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша) |
23 |
Тарату материалдарын (буклеттер, портфельдер, блокноттар, кәдесыйлар, бейдждер, шақырулар, анықтамалар, бағдарламалар, кеңсе заттары және т.б.) дайындау |
2014 жылғы 1 сәуірге дейін |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
24 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінің қатысушыларына визалық қолдау көрсету |
2014 жылғы 1 сәуірге дейін |
СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
25 |
Мемлекеттік органдарға ресми делегаттарды бекіту |
2014 жылғы 1 сәуірге дейін |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитеті |
26 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі үшін баннерлер мен көрсеткіштерді дайындау және орналастыру |
2014 жылғы 1 сәуірге дейін |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі |
27 |
Сүйемелдеуші тұлғалар үшін бағдарлама бойынша брошюралар дайындау |
2014 жылғы сәуір |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ұйымдастыру комитеті |
28 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне шетелдік қатысушыларды күтіп алу және шығарып салу, оның ішінде Астана қаласы әуежайының VIP/CIP залдары арқылы өткізуді қамтамасыз ету |
2014 жылғы сәуір-мамыр |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ҚР ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті |
29 |
VIP-персоналар мен ресми делегациялардың басшыларына кедендік және паспорттық бақылаудан өтуге жәрдем көрсету |
2014 жылғы сәуір-мамыр |
Қаржыминінің КБК, Шекара қызметі, Астана қаласының әкімдігі |
30 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне қатысушыларды Астана қаласының қонақ үйлерінде орналастыру кезінде жәрдем көрсету |
Мәжілісті өткізу күндері |
«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті |
31 |
Іс-шараларды өткізу орындарында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету |
Мәжілісті өткізу күндері |
ІІМ, ПКҚ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ұйымдастыру комитеті |
32 |
Ресми делегациялардың басшылары мен қатысушыларына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
Мәжілісті өткізу күндері |
ДСМ |
33 |
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсыну |
2014 жылғы шілде |
ЭБЖМ (жинақтау), Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
MАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржыминінің КБК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ПКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
ҚР ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Шекара қызметі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
«ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«Kazsatnet» ҰК» АҚ - «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Зерде» холдингі» АҚ – «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
«ЭйрАстана» АҚ - «ЭйрАстана» акционерлік қоғамы
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ – «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы
ҚазҰӨУ – «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесі
Назарбаев университеті – «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
АДБ – Азия Даму Банкі
Ұйымдастыру комитеті – Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі – Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда АДБ-ның Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі