Астана қаласында 2014 жылғы 2 - 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 71-ө өкімі

      Астана қаласында 2014 жылғы 2 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                   С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 71-ө өкімімен   
бекітілген      

Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
 

Р/с №

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

1

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу процесін жалпы ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету

2013 жылғы сәуір – 2014 жылғы мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ

2

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізуге байланысты іс-шараларды хабар тарату және баспа БАҚ-та жария ету жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту

2013 жылғы сәуір – мамыр

МАМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ұйымдастыру комитеті

3

Өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға демеушілерді, оның ішінде бас және ақпараттық демеушілерді тарту мәселесін пысықтау

2013 жылғы сәуір – желтоқсан

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

4

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі бойынша Қазақстанның веб-сайты дизайнын әзірлеу және оның мазмұнын толтыру

2013 жылғы сәуір – желтоқсан

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Астана қаласының әкімдігі, ИЖТМ, МАМ, СІМ

5

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін медиа-жоспарға сәйкес БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жариялау

2013 жылғы маусым – 2014 жылғы мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), МАМ, СІМ, ЭБЖМ

6

АДБ талаптарына сәйкес Астана қаласының әуежайында 47-ші жыл сайынғы мәжіліске қатысушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

2013 жылғы маусым – 2014 жылғы мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «Астана халықаралық әуежайы» АҚ (келісім бойынша)

7

Спикерлер мен модераторлар тізімін қалыптастыру және АДБ-ға ұсыну

2013 жылғы қыркүйек-қараша

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ұйымдастыру комитеті

8

Шақырылатын қатысушылар тізімін қалыптастыру және келісу

2013 жылғы желтоқсан

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ұйымдастыру комитеті

9

АДБ талаптарына сәйкес 47-ші жыл сайынғы мәжілісті өткізу кезеңінде Астанаға және Астанадан тікелей халықаралық әуе рейстерін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау

2014 жылғы қаңтар

ККМ, «ЭйрАстана» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитеті

10

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу ғимараттарында залдарды және тиісті үй-жайларды жалға алу мәселесін пысықтау

2014 жылғы қаңтар-ақпан

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, БҒМ, ұйымдастыру комитеті

11

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу кезеңіне Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» сарайындағы оқыту сабақтарын басқа оқыту корпустарына ауыстыру мәселесін пысықтау

2014 жылғы қаңтар-ақпан

БҒМ, ҚазҰӨУ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті

12

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінде жұмыс істеу үшін студенттер қатарынан еріктілерді тарту

2014 жылғы қаңтар-сәуір

БҒМ, Назарбаев университеті (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

13

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу орындарында қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру

2014 жылғы қаңтар-сәуір

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі

14

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі шеңберінде мәдени іс-шараларды өткізу бағдарламасын әзірлеу

2014 жылғы қаңтар-сәуір

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), МАМ, ЭБЖМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі

15

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі шеңберінде ресми пайдалануға арналған АДБ жабдықтары мен материалдарын жедел кедендік бақылау мен ресімдеуді қамтамасыз ету

2014 жылғы қаңтар-мамыр

Қаржыминінің КБК

16

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінің VIP –персоналары мен барлық қатысушылары үшін қабылдаушы тараптың атынан ресми қабылдауларды ұйымдастыру және өткізу

2014 жылғы қаңтар-мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Астана қаласының әкімдігі, ҚР ПІБ (келісім бойынша), СІМ, ұйымдастыру комитеті

17

АДБ талаптарына сәйкес байланыспен және коммуникациялармен, техникалық жабдықтаумен қамтамасыз ету

2014 жылғы ақпан-сәуір

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ККМ, МАМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша), «Kazsatnet» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша)

18

АДБ талаптарына сәйкес іс-шаралар өткізілетін орындарда және қатысушылар тұратын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпарат ұсыну

2014 жылғы наурыз

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

19

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру және ресми делегаттардың жұбайына (жұбайларына) арналған мәдени бағдарламаны пысықтау

2014 жылғы наурыз-мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, МАМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, ұйымдастыру комитеті

20

Делегация басшылары мен VIP-персоналар үшін автокөлік қызметін қамтамасыз ету

2014 жылғы наурыз-мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ПІБ (келісім бойынша)

21

Қонақүйлер және АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінің іс-шараларын өткізу орындары арасында автобустық қозғалысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру

2014 жылғы наурыз-мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті

22

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізу кезеңінде халықаралық баспасөз-орталығын ұйымдастыру және оның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету

2014 жылғы 1 сәуірге дейін

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ККМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

23

Тарату материалдарын (буклеттер, портфельдер, блокноттар, кәдесыйлар, бейдждер, шақырулар, анықтамалар, бағдарламалар, кеңсе заттары және т.б.) дайындау

2014 жылғы 1 сәуірге дейін

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

24

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісінің қатысушыларына визалық қолдау көрсету

2014 жылғы 1 сәуірге дейін

СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

25

Мемлекеттік органдарға ресми делегаттарды бекіту

2014 жылғы 1 сәуірге дейін

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитеті

26

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі үшін баннерлер мен көрсеткіштерді дайындау және орналастыру

2014 жылғы 1 сәуірге дейін

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі

27

Сүйемелдеуші тұлғалар үшін бағдарлама бойынша брошюралар дайындау

2014 жылғы сәуір

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ұйымдастыру комитеті

28

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне шетелдік қатысушыларды күтіп алу және шығарып салу, оның ішінде Астана қаласы әуежайының VIP/CIP залдары арқылы өткізуді қамтамасыз ету

2014 жылғы сәуір-мамыр

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ҚР ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті

29

VIP-персоналар мен ресми делегациялардың басшыларына кедендік және паспорттық бақылаудан өтуге жәрдем көрсету

2014 жылғы сәуір-мамыр

Қаржыминінің КБК, Шекара қызметі, Астана қаласының әкімдігі

30

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне қатысушыларды Астана қаласының қонақ үйлерінде орналастыру кезінде жәрдем көрсету

Мәжілісті өткізу күндері

«ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастыру комитеті

31

Іс-шараларды өткізу орындарында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

Мәжілісті өткізу күндері

ІІМ, ПКҚ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ұйымдастыру комитеті

32

Ресми делегациялардың басшылары мен қатысушыларына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Мәжілісті өткізу күндері

ДСМ

33

АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісін өткізудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсыну

2014 жылғы шілде

ЭБЖМ (жинақтау), Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
MАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржыминінің КБК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ПКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
ҚР ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Шекара қызметі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
«ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«Kazsatnet» ҰК» АҚ - «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Зерде» холдингі» АҚ – «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
«ЭйрАстана» АҚ - «ЭйрАстана» акционерлік қоғамы
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ – «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы
ҚазҰӨУ – «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесі
Назарбаев университеті – «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
АДБ – Азия Даму Банкі
Ұйымдастыру комитеті – Азия Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті
АДБ 47-ші жыл сайынғы мәжілісі – Астана қаласында 2014 жылғы 2 – 5 мамырда АДБ-ның Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады