1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 18 шілдедегі
№ 108-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы
4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Жергілікті жердің комендатура қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ІІМ |
2013 жылғы тамыз |
2 |
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуiрдегі |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ҰҚК |
2013 жылғы тамыз |
3 |
Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыратын Интернет- ресурсты айқындау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
4 |
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы тамыз |
5 |
«Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы тамыз |
6 |
«Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
7 |
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы тамыз |
8 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
9 |
«Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесін, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы тамыз |
10 |
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кешігуі адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы тамыз |
11 |
Төтенше жағдайлар ахуалында қосымша шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы тамыз |
12 |
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің есебін жүргізу және жүйелендіру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
13 |
«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2013 жылғы тамыз |
14 |
«Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы тамыз |
15 |
«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰҚК |
2013 жылғы тамыз |
16 |
Байланыс желілері мен құралдарын беру және байланыс операторының байланыс желiлерi мен құралдарын пайдаланған кезде олардың шеккен шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2013 жылғы тамыз |
17 |
Көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы |
ҰҚК-нің бұйрығы |
ҰҚК |
2013 жылғы тамыз |
18 |
Нотариустың тағылымдамадан өтушілері болып тағылымдамадан өткені үшін ақы төлеудің қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.