«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 62-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
«
15-1. |
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, СІМ, ӨДМ, ККМ, ПКҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ |
2013 жылғы қыркүйек |
».
Премьер-Министр С. Ахметов