"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 62-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 135-ө өкімі

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 62-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
      «

15-1.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, СІМ, ӨДМ, ККМ, ПКҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ

2013 жылғы қыркүйек

                                                          ».

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады