"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 62-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                              С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 62-ө өкімімен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 09.08.2013 № 135-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

2.

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ӨДМ

2013 жылғы сәуір

3.

Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, Қорғанысмині, ӨДМ, ПКҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

4.

Ақпарат мониторингінің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі және халықты терроризм актісі қатерінің туындауы туралы хабардар ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

5.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, БП (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

6.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы маусым

7.

Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 09.08.2013 № 135-ө өкімімен.

8.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, СІМ, ӨДМ, ККМ, ПКҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

9.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгі паспортын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ТЖМ, СІМ, ӨДМ, ККМ, ПКҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

10.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ПКҚ (келісім бойынша),ЭБЖМ

2013 жылғы сәуір

11.

Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ПКҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ

2013 жылғы сәуір

12.

Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жерлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері

2013 жылғы сәуір

13.

Арнаулы және түзеу мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, БП (келісім бойынша), ДІА

2013 жылғы сәуір

14.

«Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ПКҚ (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы маусым

15.

«Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ ДСМ, Еңбекмині

2013 жылғы сәуір

15-1.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша), (жинақтау), ІІМ, ТЖМ, СІМ, ӨДМ, ККМ, ПКҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ

2013 жылғы қыркүйек

16.

Күзет іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ПКҚ (келісім бойынша), (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, Қорғанысмині, РҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

17.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарды енгізу нысаны мен қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

18.

Ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-жауынгерлік және өзге де іс-шараларға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметінің қатысу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
«Сырбар» СБҚ - «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі
РҰ - Республикалық Ұлан
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ККМ - Казақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ДІА - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады