1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 15 тамыздағы
№ 140-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
МҚІА |
2013 жылғы қыркүйек |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне («Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекiту туралы» 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 және «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607) өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ (жинақтау), ДСМ, ҰҚК (келісім бойынша) |
2013 жылғы қыркүйек |
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45) өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, (жинақтау), БҒМ, ИЖТМ, ІІМ |
2013 жылғы қыркүйек |
4. |
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2013 жылғы қыркүйек |
5. |
Үкіметінің кейбір шешімдеріне («Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958, «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 және «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» туралы 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109) өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ӨДМ |
2013 жылғы қыркүйек |
6. |
«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2013 жылғы қыркүйек |
7. |
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ |
2013 жылғы қыркүйек |
8. |
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2013 жылғы қыркүйек |
9. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ |
2013 жылғы қыркүйек |
10. |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы қыркүйек |
11. |
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МАМ |
2013 жылғы қыркүйек |
12. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi» туралы 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 және «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ, ҰҚК (келісім бойынша) |
2013 жылғы қыркүйек |
13. |
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2013 жылғы қыркүйек |
14. |
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2013 жылғы қыркүйек |
15. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне («Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172) өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қоршағанорта мині |
2013 жылғы қыркүйек |
16. |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы қыркүйек |
17. |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині (жинақтау), ИЖТМ, ҰҚК (келісім бойынша) |
2013 жылғы қыркүйек |
18. |
«Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ (жинақтау), МГМ, ӨДМ |
2013 жылғы қыркүйек |
19. |
«Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қоршағанортам ині |
2013 жылғы қыркүйек |
20. |
«Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы |
АШМ |
2013 жылғы қыркүйек |
21. |
«Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығы |
Қоршағанортамині |
2013 жылғы қыркүйек |
22. |
«Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы |
ИЖТМ |
2013 жылғы қыркүйек |
23. |
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы |
ІІМ |
2013 жылғы қыркүйек |
24. |
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы |
ТЖМ |
2013 жылғы қыркүйек |
25. |
«Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бұйрығы |
ӨДМ |
2013 жылғы қыркүйек |