1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Органикалық өнім өндіру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 136-ө-өкімімен бекітілғен |
Қазақстан Республикасының "Органикалық өнім өндіру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2015 жылғы желтоқсан | Е.Б. Көшербаев |
2. | "Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2015 жылғы желтоқсан | Г.С. Исаева |
3. | Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Е.Б. Көшербаев |
4. | Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
5. | Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | С.К. Омаров |
6. | Асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата түру, жою) қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
7. | Ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ Қаржымині | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
8. | Асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру қағидалары мен нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
9. | Асыл тұқымдық енімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (күшін жою) тәртібін бекіту туралы | Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
10. | Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
11. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | С.К. Омаров |
12. | "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 5-3/261 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ ҰЭМ Қаржымині | 2016 жылғы мамыр | Е.Б. Көшербаев |
13. | "Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
14. | "Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-2/331 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
15. | "Асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
16. | "Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/401 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
17. | "Селекциялық карточканың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 3-3/617 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Г.С. Исаева |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.