Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1130 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақты жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1130 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 813 қаулысымен  
бекітілген     

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары

      Ескерту. Нормалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1130 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Нормаларға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1130 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

жылына

Нормалары бекітіліп жатқан өнімнің атауы

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне (ЭҚТӨЖ) сәйкестігі

Өлшем бірлігі

Бекітілетін нормалар*

Код

1

2

3

4

5

1.

Тірі ірі қара мал

01.41.10

бас

5

2.

Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар

01.43.10

бас

5

3.

Тірі түйелер және түйе тектілер

01.44.10

бас

5

4.

Тірі қойлар мен ешкілер

01.45.1

бас

14

5.

Тірі шошқалар

01.46.10

бас

5

6.

Тірі үй құсы

01.47.1

бас

30

7.

Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы

01.47.21

ондық

636

8.

Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті

10.11.1

килограмм

935

9.

Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті

10.11.1

килограмм

330

10.

Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті

10.11.1

килограмм

401

11.

Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті

10.11.1

килограмм

1000

12.

Сауын ірі қара малдың шикі сүті

01.41.20

килограмм

15095

13.

Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті

10.12.10

килограмм

72

14.

Картоп

01.13.51

килограмм/1 жүздік

179

15.

Сәбіз

01.13.41

килограмм/1 жүздік

243

16.

Қырыққабат

01.13.12

килограмм/1 жүздік

269

17.

Баклажан

01.13.33

килограмм/1 жүздік

215

18.

Қызанақ

01.13.34

килограмм/1 жүздік

205

19.

Қияр

01.13.32

килограмм/1 жүздік

228

20.

Сарымсақ

01.13.42

килограмм/1 жүздік

203

21.

Пияз

01.13.43

килограмм/1 жүздік

213

22.

Қант қызылшасы

01.13.71

килограмм/1 жүздік

121

23.

Алмалар

01.24.10

килограмм/1 жүздік

78

24.

Алмұрттар

01.24.21

килограмм/1 жүздік

78

25.

Айва

01.24.22

килограмм/1 жүздік

66

26.

Өріктер

01.24.23

килограмм/1 жүздік

66

27.

Шие

01.24.24

килограмм/1 жүздік

78

28.

Шабдалы

01.24.25

килограмм/1 жүздік

76

29.

Қара өріктер

01.24.27

килограмм/1 жүздік

76

30.

Түтілген жүн

10.11.41

килограмм

81,5

31.

Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы

10.11.42; 10.11.43

бірлік

5

32.

Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы

10.11.42; 10.11.43

бірлік

5

33.

Қойлардың, ешкілердің терісі мен иленбеген былғарысы

10.11.44; 10.11.45

бірлік

14

*Ескертпе: Бекітілетін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары тек қана дайындаушы ұйымның субсидия көлемін анықтау үшін қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады