Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен


      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 11-ө өкімімен
бекітілген

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 07.07.2016 № 55-ө өкімімен; ҚР Премьер-Министрінің 27.10.2016 № 628 қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2017 № 10-ө; 21.05.2019 № 87-ө өкімдерімен; 13.12.2019 № 925 қаулысымен; 18.05.2020 № 71-ө; 23.10.2020 № 137-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2021 № 96-ө; 13.12.2021 № 195-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице- министрі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылық кеңесі басшысының орынбасары (келісім бойынша);

      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша);

      "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша);

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісім бойынша);

      Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы (келісім бойынша);

      Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша);

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының

      Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры -

      басқарма мүшесі (келісім бойынша);

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша);

      "KazEnergy" заңды тұлғалар бірлестігінің құқық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілі (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      "Нұр Отан" партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша);

      "Kazakhstan Bar Association" коммерциялық заңгерлер алқасы" республикалық қоғамдық бірлестігі басқарма кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

      "Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қорының заңгері (келісім бойынша);

      "Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға серіктесі (келісім бойынша).

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

      "М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті" акционерлік қоғамы Жоғары құқық мектебінің директоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша);

      "Nur Otan" партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша);

      Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары" (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 11-ө өкімімен
бекітілген

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуден тұрады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2019 № 87-ө өкімімен.

      2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметін талдау;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жыл сайынғы және арнайы баяндамаларын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздеген жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      3) заң жобалау қызметінің басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде заң жобаларының әзірленуі және жүруі процесінде туындайтын мемлекеттік органдардың арасындағы қайшылықтарды реттеу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      5) мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алуы мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын ала әзірлеу;

      7) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне түскен күнінен бастап 15 күн мерзімде олар бойынша оң не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;

      8) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына негізделген заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын қарастыру;

      9) заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      11) заңнаманы кодификациялау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

      12) кодификацияланған актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 31.05.2021 № 96-ө өкімімен.

      3. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі

      7. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның әрбір отырысына тиісті қызметтері жоқ және Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің басшылары міндетті түрде қатысады.

      9. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді Комиссияда қарау қажеттігі болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен олар бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.

      Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне өз пікірлерін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      10. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 31.05.2021 № 96-ө өкімімен.

      11. Отырысқа қатысу мүмкін болмайтын жағдайда Комиссия мүшесі Комиссия отырысына дейін кемінде бір күн қалғанда болмау себебін көрсете отырып, Комиссия төрағасына не төрағасының орынбасарына бұл туралы хат жолдайды не қатысудың мүмкін болмауы Комиссия отырысы өтетін күні белгілі болған жағдайда, Комиссия төрағасына Комиссия отырысына қатысудың мүмкін еместігі туралы хабар беру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      12. Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Комиссия отырысына дәлелсіз себептермен жиі болмауға жол берген (қатарынан 3 реттен астам) Комиссия мүшелерін оның құрамынан шығару туралы ұсыныс енгізеді.

О Межведомственной комиссии по вопросам законопроектной деятельности

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 11-р. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2022 года № 268.

      О Межведомственной комиссии по вопросам законопроектной деятельности

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.04.2022 № 268.

      1. Образовать Межведомственную комиссию по вопросам законопроектной деятельности (далее - Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) состав Комиссии;

      2) Положение о Комиссии.


      Премьер-Министр      К. Масимов

      Утвержден
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 19 февраля 2016 года № 11-р

      Состав
Межведомственной комиссии

по вопросам законопроектной деятельности

      Сноска. Состав Межведомственной комиссии с изменениями, внесенными распоряжениями Премьер-Министра РК от 07.07.2016 № 55-р; постановлениями Правительства РК от 27.10.2016 № 628; от 23.01.2017 № 10-р; от 21.05.2019 № 87-р; от 13.12.2019 № 925; от 18.05.2020 № 71-р; от 23.10.2020 № 137-р; постановлением Правительства РК от 26.02.2021 № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 18.03.2021 № 145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 31.05.2021 № 96-р; от 13.12.2021 № 195-р.

      Министр юстиции Республики Казахстан, председатель;

      вице-министр юстиции Республики Казахстан, заместитель председателя;

      директор Департамента законодательства Министерства юстиции Республики Казахстан, секретарь;

      депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию);

      депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию);

      заведующий Отделом правовой экспертизы Аппарата Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию);

      первый заместитель Генерального Прокурора Республики Казахстан (по согласованию);

      первый заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу (по согласованию);

      заместитель Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию);

      заместитель начальника Службы государственной охраны Республики Казахстан (по согласованию);

      заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан;

      заместитель Министра обороны Республики Казахстан;

      вице-министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      вице-министр здравоохранения Республики Казахстан;

      вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан;

      заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (по согласованию);

      заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) (по согласованию);

      вице-министр финансов Республики Казахстан;

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан;

      вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан;

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан;

      вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

      вице-министр энергетики Республики Казахстан;

      вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан;

      вице-министр торговли и интеграции Республики Казахстан;

      вице-министр информации и общественного развития Республики Казахстан;

      вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      заместитель председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (по согласованию);

      заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию);

      заместитель председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка (по согласованию);

      первый заместитель Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан (по согласованию);

      заместитель руководителя Экспертного совета Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан (по согласованию);

      директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан;

      заместитель директора Центра политического анализа и стратегических исследований партии "Нур Отан" (по согласованию);

      директор Высшей школы права акционерного общества "Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева" (по согласованию);

      судья Верховного Суда Республики Казахстан (по согласованию);

      заместитель руководителя центрального аппарата партии "Nur Otan" (по согласованию);

      руководитель Национального центра по правам человека (по согласованию);

      заместитель исполнительного директора ассоциации "Форум предпринимателей Казахстана" (по согласованию);

      член правления, заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию);

      председатель Республиканской нотариальной палаты (по согласованию);

      председатель Республиканской коллегии адвокатов (по согласованию);

      управляющий директор по правовому сопровождению и рискам - член правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию);

      управляющий директор акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию);

      исполнительный директор по правовым вопросам объединения юридических лиц "KazEnergy" (по согласованию);

      представитель общественного совета при Министерстве юстиции Республики Казахстан (по согласованию);

      член Управляющего совета республиканского общественного объединения "Коллегия коммерческих юристов "Kazakhstan Bar Association" (по согласованию);

      юрист общественного фонда "Правовой медиа-центр" (по согласованию);

      старший партнер товарищества с ограниченной ответственностью "Центр стратегических инициатив" (по согласованию);

      директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт парламентаризма" Управления материально-технического обеспечения.

      заместитель председателя правления акционерного общества "Администрация международного финансового центра "Астана" (по согласованию)

      Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 19 февраля 2016 года № 11-р

      Положение
о Межведомственной комиссии по вопросам

законопроектной деятельности

      1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по вопросам законопроектной деятельности (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Главная цель деятельности Комиссии состоит в выработке предложений по совершенствованию действующего законодательства Республики Казахстан, а также законопроектной деятельности Правительства и уполномоченных государственных органов Республики Казахстан.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Рабочим органом Комиссии является Министерство юстиции Республики Казахстан.

      5. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости.

      Сноска. Пункт 5 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2019 № 87-р.

      2. Задачи Комиссии

      6. Основными задачами Комиссии являются:

      1) анализ законопроектной деятельности Правительства и уполномоченных государственных органов Республики Казахстан;

      2) выработка рекомендаций по формированию текущего плана законопроектных работ Правительства Республики Казахстан и концептуального плана законотворческой работы с учетом поручений и ежегодного Послания Президента Республики Казахстан, нормативных постановлений и ежегодных посланий Конституционного Совета Республики Казахстан, ежегодных и специальных докладов Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан, отчета Уполномоченного по правам человека, государственных программ и программ, утверждаемых Правительством, планов мероприятий по реализации государственных программ, решений Правительства, результатов правового мониторинга нормативных правовых актов, законов, принятие которых предусмотрено Бюджетным кодексом, решений Премьер-Министра Республики Казахстан, заключения Республиканской бюджетной комиссии в случае, когда законопроект предусматривает увеличение расходов или сокращение доходов республиканского или местных бюджетов;

      3) внесение на рассмотрение Правительства Республики Казахстан предложений о приоритетных направлениях законопроектной деятельности;

      4) подготовка предложений по урегулированию разногласий между государственными органами, возникающих в процессе разработки и прохождения законопроектов в Правительстве и Парламенте Республики Казахстан;

      5) рассмотрение по ходатайству государственного органа вопросов о переносе сроков и внесении изменений и дополнений в План законопроектных работ на соответствующий год;

      6) предварительная выработка рекомендаций по вопросам отзыва Правительством Республики Казахстан законопроектов из Мажилиса Парламента Республики Казахстан;

      7) рассмотрение в 15-дневный срок со дня поступления в Правительство Республики Казахстан законопроектов, инициированных депутатами Парламента Республики Казахстан, с целью выработки по ним предложений по их положительной либо иной оценке;

      8) рассмотрение проектов концепций законопроектов, основанных на консультативных документах регуляторной политики;

      9) выработка рекомендаций о направлении законопроектов на научную, криминологическую и иную экспертизы, а также концепций законопроектов на научную правовую экспертизу;

      10) анализ действующего законодательства Республики Казахстан и выработка рекомендаций по его систематизации;

      11) внесение в установленном порядке на рассмотрение в Правительство Республики Казахстан предложений по определению приоритетных направлений работы по кодификации законодательства;

      12) внесение предложений по разработке проектов кодифицированных актов.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным распоряжением Премьер-Министра РК от 31.05.2021 № 96-р.

      3. Организация и порядок работы Комиссии

      7. Организация и порядок работы Комиссии осуществляются в соответствии с Инструкцией о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.

      8. На каждом заседании Комиссии принимают участие руководители юридических служб государственных органов, за исключением государственных органов, у которых отсутствуют соответствующие службы и местонахождение которых находится в городе Алматы, от которых участвуют уполномоченные на то лица.

      9. В случае необходимости рассмотрения Комиссией срочных вопросов, поступивших с поручениями руководства Администрации Президента или Правительства Республики Казахстан, по решению председателя Комиссии возможно проведение заочного голосования по ним.

      Срок для заочного голосования членов Комиссии не должен превышать 3 рабочих дней со дня рассылки материалов по вопросу для голосования.

      До окончания срока заочного голосования члены Комиссии направляют в Министерство юстиции Республики Казахстан письменные ответы, в которых выражают свое мнение. В случае непредставления письменного ответа в указанный срок, считается, что член Комиссии проголосовал положительно. Голосование осуществляется членами Комиссии без права замены.

      10. Исключен распоряжением Премьер-Министра РК от 31.05.2021 № 96-р

      11. При невозможности участия в заседании член Комиссии не позднее, чем за день до заседания Комиссии направляет об этом письмо председателю либо заместителю председателя Комиссии с указанием причины неявки либо принимает все необходимые меры по оповещению председателя Комиссии о невозможности принятия участия в заседании Комиссии в случае, если такая невозможность была установлена в день проведения заседания Комиссии.

      12. Председатель Комиссии вносит в Правительство Республики Казахстан предложения об исключении из состава Комиссии членов, допустивших систематическую неявку на ее заседания (более 3 раз подряд) без уважительных причин.