"Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10-ө өкімі

      «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
      мыналар:
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;
      «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша);
      «Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігі басқарма кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
      «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының заңгері (келісім бойынша);
      «Стратегиялық бастамалар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға серіктесі (келісім бойынша) енгізілсін;
      мына:
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы;
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы;»;
      «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры (келісім бойынша);»
      деген жолдар алып тасталсын.

      Премьер-Министр                       Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады