"Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 55-ө өкімі

      «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
      мына:
      «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің жауапты хатшысы;»;
      мына:
      «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры - іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясы директорының орынбасары (келісім
бойынша);»;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры - басқарма мүшесі (келісім
бойынша);» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының Жоғары құқық мектебінің директоры (келісім бойынша);»;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры -
басқарма мүшесі (келісім бойынша);».
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілі (келісім бойынша).».

      Премьер-Министр                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады