1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 25-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекет тік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
2. | Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
3. | Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және белгіленген мөлшердегі резервтер құру мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квоталар көлемін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
4. | "Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
5. | "Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 685 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
6. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысы 1 тармағының күшін тоқтата түру туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
7. | Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
8. | Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыдан бюджетке түсетін түсімдер; қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпараттарды ұсынудың нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
9. | Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
10. | Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
11. | Парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу жоспарының нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
12. | Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспарындағы квоталар көлемі резервінен квоталарды бөлу әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
13 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
14 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы маусым | Ә.М. Мағауов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі