Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлү үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларын айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 685 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 411 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 685 қаулысымен  
бекітілген     

Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

      1. Агроөнеркәсіп секторы.
      2. Көлік.
      3. Мұнай химиясы.
      4. Мұнай-газ секторы.
      5. Тау-кен металлургия секторы.
      6. Химия өнеркәсібі.
      7. Энергетика.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады