"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 25-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 21 сәуірдегі
№ 25-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекет тік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

2.

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

3.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және белгіленген мөлшердегі резервтер құру мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квоталар көлемін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

4.

"Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

5.

"Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 685 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және "Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысы 1 тармағының күшін тоқтата түру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

7.

Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

8.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыдан бюджетке түсетін түсімдер; қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпараттарды ұсынудың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

9.

Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

10.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

11.

Парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу жоспарының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

12.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспарындағы квоталар көлемі резервінен квоталарды бөлу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

13

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

14

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады