1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 150-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет тік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы" 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
2. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
3. | Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту тәртібін бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
4. | Уәкілетті органның қызметіне қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауалнама жүргізу тәртібін бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
5. | Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
6. | Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
7. | Байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
8. | Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
9. | Бағаларды тіркеу тәртібін бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
10. | Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
11. | "Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
12. | "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі