Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6394 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а. Ж. Жарқынбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      (Монополияға қарсы агенттік)

      агенттігінің төрағасының м.а.

      Б. Парсегов ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік хатшысы-

      Сыртқы істер министрi

      Қ. Саудабев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

      Т. Мұсабаев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрi

      Ж. Досқалиев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрі

      В. Божко ______________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Көлiк және коммуникация министрі

      Ә. Кұсайынов ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет министрі

      М. Құл-Мұхаммед ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бiлiм және ғылым министрі

      Ж. Түймебаев _____________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрі

      Г. Әбдіқалықова ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Байланыс және Ақпарат министрі

      А. Жұмағалиев ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi

      агенттiгiнің төрағасы

      Ө. Өзібеков ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

      агенттігінің төрағасы

      Қ. Нұрпейісов ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкi iстер министрi

      С. Баймағанбетов ______________

      2010 жылғы 30 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және жаңа технологиялар

      бірінші Вице-министрі

      А. Рау ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Н. Әшімов ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А. Күрішбаев ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Жәмішев ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрі

      Т. Досмұханбетов ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      Ә. Жақсыбеков ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экономикалық даму және сауда министрі

      Ж. Айтжанова ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігінің төрағасы

      Н. Алдабергенов ______________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы істері жөніндегі

      агенттігінің төрағасы

      С. Нокин ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      Қ. Мәми ______________

      2010 жылғы 27 шілде

  Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының міндетін
атқарушының
2010 жылғы 14 шілдедегі
№ 183 бұйрығымен
бекітілген

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 27.09.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну, әкімшілік дереккөздердің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомствосы) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі - әкімшілік деректердің нысандары), сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу рәсімін, әкімшілік деректерді мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) орналастыру рәсімін, сонымен қатар қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты ұсыну тәртібін айқындайды.

      3. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдаланады.

      4. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) әкімшілік көрсеткіш – Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық ақпаратты қоспағанда, әкімшілік дереккөздер құзыреті щегінде қалыптастыратын, орын мен уақыттың нақты жағдайында құбылыстың немесе процестің мәнін көрсететін көрсеткіш.

      2) әкімшілік көрсеткіштердің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - ӘКБА) – жинақтау, өңдеу және жариялау әкімшілік дереккөздің құзыретіне жататын, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын әкімшілік көрсеткіштерден тұратын тізбе..

2-тарау. Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

      5. Әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты өндіру және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректері негізінде, сондай-ақ өз қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталындағы сервистер тізілімінде интеграциялық сервис болған жағдайда ақпараттандыру объектілерін интеграциялауға бастамашылық жасайды.

      Ақпараттық жүйелерді интеграцияламай жүзеге асырылатын өзара іс-қимыл бойынша бірлескен актілер әзірленеді, оған орталық (немесе уәкілетті органның ведомстволары) немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары (не олардың міндеттерін атқаратын адамдар) қол қояды.

      6. Уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, әкімшілік деректерді алады.

      7. Уәкілетті органның ведомствосына шаруашылық бойынша есепке алу деректерін ұсыну Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті органның ведомствосы алынған әкімшілік деректерді бекітілген статистикалық әдіснамаға сәйкес өңдейді және олар тек ресми статистикалық ақпарат түрінде таратуға жатады.

      Уәкілетті органның ведомствосы қолжетімділігі шектеулі және грифі бар алынған әкімшілік көрсеткіштерді "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына сәйкес өңдейді.

      9. Әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын әкімшілік көрсеткіштер Ұлттық анықтамалық ақпаратқа кіретін және ӘКБА-ға енгізуге жатады.

      10. Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректер мен Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қалыптастыру кезінде ӘКБА-ны қолдануы міндетті.

      11. Әкімшілік дереккөздер уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша әкімшілік деректер нысандарын, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітеді.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған, бекітілген нысандарға сәйкес жиналатын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қалыптастырылған әкімшілік көрсеткіштер болған кезде тек оларды агрегаттау жүзеге асырылатын және есептеудің өзге де алгоритмдері көзделмейтін өңдеу процесінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін әзірлеу және бекіту талап етілмейді.

      12. Әкімшілік деректер нысандары мынадай құрылымнан тұрады:

      1) титулдық парақ;

      2) негізгі бөлік;

      3) толтыру жөніндегі түсіндірме;

      4) қосымша (қажет болған жағдайда).

      Әкімшілік деректер нысандарының титулдық парағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Әкімшілік деректер нысанының негізгі бөлігін әкімшілік дереккөздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және әкімшілік деректерді жинауға арналған көрсеткіштердің және (немесе) мәселелердің тізбесі мен үлгілік мекенжай бөлігін қамтиды.

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

      13. Әкімшілік дереккөздер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесін әзірлейді.

      Көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мыналарды қамтиды:

      1) көрсеткіштерді қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері;

      2) ақпарат көздері (нысан, ақпараттық жүйелер, басқа дереккөздер);

      3) әкімшілік деректерді ұсынатын адамдар тобы;

      4) егер агрегациядан басқа көрсеткіш қосымша есептеуді қажет ететін болса, көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы;

      5) шығыс ақпаратты орналастыру орны.

      Көрсеткіштерді есептеу әдістемесінің жобасын:

      1) әкімшілік дереккөз Заңның 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес келісу үшін уәкілетті органның ведомствосына ұсынады;

      2) уәкілетті органның ведомствосы оның түскен күнінен кейін он жұмыс күні ішінде қарайды.

      14. Әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті органның ведомствосы "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарға сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерге жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы оларды әкімшілік деректер нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары мен әкімшілік дереккөзден жұмыс кездесуіне бастамашылық жасайды. Мәселені ұзақ қаралған кезде мерзімі тағы отыз жұмыс күніне ұзартылады.

      15. Әкімшілік деректердің келісілген нысандары негізінде уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган ведомствосының Интернет-ресурсында орналастырылатын әкімшілік дереккөздер бөлінісінде тізілімнің құрылымын тұрақты негізде жүргізеді.

      16. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден жылына бір рет осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша статистикалық қызметті қоспағанда, стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде қалыптастырылатын қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты сұратады.

      17. Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде беру тәртібін бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректер нысанының титулдық парағы

  ____________________________
20 __ жылғы "__" ______ № ___
бұйрығына /қаулысына №__
қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады:

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған:

      Әкімшілік нысанның атауы:

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі):

      Кезеңділік:

      Есепті кезең:

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы:

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

ЖСН/БСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде):

      *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Основная часть формы, предназначенная для сбора административных данных на безвозмездной основе Кестенің атауы/Наименование таблицы

Жолдар коды (шифры) /Код (шифр) строк


Бағандар атауы/Наименование граф


А

1

2

3

4

5

6


Жолдардың атауы/
Наименование строк















Сандық, әріптік және графикалық деректер/Числовые, буквенные и графические данные















      Ескертпе:

      Кестенің атауында кестенің негізі мазмұны қысқа және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында кезең, ұлттық анықтамалық ақпарат, жолдардың атауында зерттелетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерттелетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.

      Өлшем бірліктері егер зерттелетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі. Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерттелетін объектілер, жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.

      Примечание:

      В наименование таблицы кратко и точно отражается основное содержание таблицы. В наименовании граф указываются, период, национальная справочная информация, наименовании строк – изучаемые объекты, отдельные единицы, в правой части – показатели, характеризующие изучаемые объекты.

      Единицы измерения указываются в наименовании таблицы, если относятся ко всем показателям таблицы изучаемых объектов, в других случаях – в наименованиях граф или строк. Строки таблицы обозначаются кодами или шифрами. Графы правой части таблицы, предназначенные для данных, нумеруются порядковыми номерами. Графы левой части таблицы, в которой находятся изучаемые объекты, код или шифр строк, обозначаются буквами "А", "Б" и так далее.

      Типтік мекенжай бөлігі/Типовая адресная часть

Атауы
Наименование______________________
__________________________________

Мекенжайы
Адрес_______________________
____________________________

      Телефоны

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/

      Адрес электронной почты _______________________________

      Орындаушы

      Исполнитель____________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы, телефон

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                   подпись, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности

      ____________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                   подпись

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства). _________________

      2Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды бөлек мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді. Әкімшілік дереккөздер әзірлеген әкімшілік деректер нысанының негізгі нысанының кестесі ұсынылған нұсқадан өзгеше болуы мүмкін.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ________________________
________________________
202_ жылғы " _ "________
№ __ бұйрығына/ қаулысына
№ __ қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Нысан атауы" (нысанның индексі және кезеңділігі)

      Әкімшілік нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      Әдіснамалық түсіндірмелер

      Арифметикалық-логикалық бақылау (қажет болған жағдайда)

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік көрсеткіштерді есептеу әдістемесі

1-бөлім. Есептелетін әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі

Әкімшілік көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Әкімшілік нысанның/ақпараттық жүйенің атауы

1

2

3

4

1.



2.



3.

...



2-бөлім. Әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі "әкімшілік көрсеткіштің атауы" (әр әкімшілік көрсеткіш үшін бөлек)

1.

Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты)


2.

Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері


3.

Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)


4.

Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі


      Көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мынадай тәртіппен толтырылады:

      "Әкімшілік көрсеткіштің атауы" жолы бойынша есеп берілетін әкімшілік көрсеткіштің атауы көрсетіледі;

1-бөлім. "Есептелетін әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі":

      1) "№" 1-бағанында әкімшілік көрсеткіш атауының реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Әкімшілік көрсеткіштің атауы" 2-бағанында есептеуге жататын әкімшілік көрсеткіштің атауы көрсетіледі;

      3) "Өлшем бірлігі" 3-бағанында әкімшілік көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) "Әкімшілік нысанның/ақпараттық жүйенің атауы" 4-бағанында деректерді жинау жүзеге асырылатын нысанның атауы не құбылыс фактісі бойынша ақпараттық жүйеде деректерді жинау шартымен ақпараттық жүйе көрсетіледі.

2-бөлім. "Әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі" мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) "әкімшілік көрсеткіштің атауы" жолы бойынша әкімшілік көрсеткіштің атауы көрсетіледі;

      2) "әкімшілік көрсеткішті айқындау (ұғымдық аппарат)" 1-бағанында әкімшілік көрсеткішті түсіндіретін айқындама көрсетіледі;

      3) "әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері" 2-бағанында әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері көрсетіледі;

      4) "Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)" 3-бағанында есептің/деректердің дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетумен ақпарат көздері, әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны болған жағдайда көрсетіледі, бұл кезде веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтеме, сондай-ақ формуланың құрамдас бөліктері бойынша дереккөздері көрсетіледі;

      5) "Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі" 4-бағанында өлшем бірлігін көрсетумен нақты және анық реттілігін көрсете отырып, әкімшілік көрсеткішті есептеу формуласы көрсетіледі.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің құрылымы

Әкімшілік нысанының атауы/ Әкімшілік нысанының индексі

Әкімшілік нысан бекітілген/ әкімшілік нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құқықтық актінің атауы, күні және нөмірі

Әкімшілік нысанын келісу күні

Әкімшілік нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкімшілік нысан ұсынылатын орын

Әкімшілік деректерді жинау кезеңділігі/ Әкімшілік нысанын тапсыру мерзімі

Әкімшілік нысанның күші жойылған (тоқтатылған) күні

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсіндірмесі:

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;

      2-бағанда әкімшілік нысанның атауы/әкімшілік нысанның индексі көрсетіледі;

      3-бағанда әкімшілік нысаны бекітілген/әкімшілік нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құқықтық актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;

      4-бағанда әкімшілік нысанын келісу күні көрсетіледі;

      5-бағанда әкімшілік нысанын ұсынатын адамдар тобы/әкімшілік нысаны ұсынылатын орын көрсетіледі;

      6-бағанда әкімшілік деректерді жинау кезеңділігі/әкімшілік нысанды тапсыру мерзімі көрсетіледі;

      7-бағанда әкімшілік нысанның күші жойылған (тоқтатылған) күні көрсетіледі.

      Тізілім дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерін жинауды көздейтін, есептіліктің бірыңғай есепке алу жүйесін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді білдіреді.

      Тізілімге енгізуге мыналар жатады:

      Мемлекеттік органдардың құқықтық актілері мен бекітілген және оларды ресми жариялаған күннен бастап Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған әкімшілік нысандар бойынша деректер;

      Мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік нысандар бойынша деректер.

      Әкімшілік дереккөздердің "Ерекше маңызды", "Аса құпия", "Құпия" деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.

      Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданысының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.

      Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.

      Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер архивіндегі ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік көрсеткіштер туралы ақпарат (Әкімшілік дереккөздің атауы)

Көрсеткіштің атауы

Қалыптастыру кезеңділігі

ОМО/
ЖАО

Нысан индексі

Нысанның атауы

Нысанның кезеңділігі

Нысанды ұсынатын адамдар тобы

Нысанды бекітудің НҚА

Ақпараттық жүйенің атауы

Көрсеткішті есептеу әдістемесі (НҚА)

Жарияланатын/жарияланбайтын

Жинау нысаны (қағаз /электронды)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Ескертпе:

      Осы кестені толтыру бойынша түсіндірмелер:

      1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады;

      2-бағанда Әкімшілік көрсеткіштің толық атауы толтырылады;

      3-бағанда Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алу (жинау) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі: түсуіне қарай, қажеттілігіне қарай күн сайын, апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жыл сайын, біржолғы);

      4-бағанда орталық мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның атауы толтырылады;

      5-бағанда нысанның индексі толтырылады;

      6-бағанда нысанның атауы көрсетіледі;

      7-бағанда нысанның кезеңділігі көрсетіледі;

      8-бағанда нысанды ұсынатын адамдар тобы көрсетіледі;

      9-бағанда нысанды бекіту бойынша НҚА нөмірі мен күні көрсетіледі;

      10-бағанда Әкімшілік деректерді алуға (жинауға) арналған ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" мәндеріне жол берілмейді;

      11-бағанда нөмірді және оны бекіту күнін көрсете отырып көрсеткішті есептеу әдістемесінің атауы көрсетіледі;

      12-бағанда жарияланатын немесе жарияланбайтын көрсеткіш көрсетіледі;

      13-бағанда Әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.

      Мынадай мәндерге рұқсат етіледі:

      "электрондық түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электрондық түрде жүзеге асырылса);

      "қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылса); сондай-ақ ақпарат жинауды қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде жүзеге асыру кезінде екі мәннің бір уақытта болуына да жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады