"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 150-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 150-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекет тік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы" 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

2.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

3.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту тәртібін бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

4.

Уәкілетті органның қызметіне қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауалнама жүргізу тәртібін бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

5.

Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

6.

Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

7.

Байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

8.

Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

9.

Бағаларды тіркеу тәртібін бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

10.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

11.

"Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

12.

"Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

Р.Е. Дәленов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады