Жайылымдардың қолжетімділігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 85-ө өкімі.

      Ауыл халқының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарға қолжетімділік мәселелерін пысықтау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жайылымдардың қолжетімділігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылым тапшылығы бар елді мекендерді айқындай отырып, жайылымдарды пайдаланушылардың жайылымдармен қамтамасыз етілуіне мұқият талдау жүргізсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл халқының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін елді мекендер шегінде жайылымдарды пайдалану жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 85-ө өкіміне
қосымша

Жайылымдардың қолжетімділігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы

      облыстардың және Шымкент қаласы әкімдерінің орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады