Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 23.07.2024 № 103-ө Өкімімен.
"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, хатшы";
мына:
"Бейсембетов Искандер Қалыбекұлы | – | "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша) |
Верховод Дмитрий Бенедиктович | – | "Өнеркәсіптік автоматтандыру ұлттық платформасы" қауымдастығының директоры (келісу бойынша) |
Құсайынов Асқар Маратұлы | – | "Қазтелепорт" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)
"Өнеркәсіптік автоматтандыру ұлттық платформасы" қауымдастығының директоры (келісу бойынша)
"Қазтелепорт" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".
Премьер-Министр | А. Мамин |