"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 132-ө өкімі

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, хатшы";

      мына:

"Бейсембетов Искандер Қалыбекұлы

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)

Верховод Дмитрий Бенедиктович

"Өнеркәсіптік автоматтандыру ұлттық платформасы" қауымдастығының директоры (келісу бойынша)

Құсайынов Асқар Маратұлы

"Қазтелепорт" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)

      "Өнеркәсіптік автоматтандыру ұлттық платформасы" қауымдастығының директоры (келісу бойынша)

      "Қазтелепорт" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады