1. Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залал сомасына бағалау жүргізсін, әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр Комиссия жұмысының нәтижелері мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндасын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Премьер-Министрдің міндетін атқарушы |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 2-ө өкіміне қосымша |
Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Скляр | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Комиссияның төрағасы |
Өскенбаев | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Комиссия төрағасының орынбасары |
Бүркітбаев | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Ильин | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Таласов | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Сарсенов | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Каринова | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі |
Біржанов | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Жаналинов | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбдіқадыров | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |
Мырзахметов | - | Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша) |