"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етіп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етіп тұрсын.
Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 31 қаңтардағы
№ 20-ө өкімімен
бекітілген
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, әзірленуі мен уақтылы енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Салықтық кезең үшін шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнін кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, ҰЭМ | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев, А.К. Әмрин |
2. | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев |
3. | "Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 1030 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бірлескен бұйрық | Қаржымині, ҰЭМ | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев, А.К. Әмрин |
4. | Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілердің - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін күнтізбелік ай үшін шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев, Б.Ш. Шолпанқұлов |
5. | Валюталық түсімді айырбастау туралы салық органдарына қорытынды беру қағидаларын және нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев, Ә.М. Молдабекова |
6. | Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев, А.Е. Оразбек |
7. | Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев |
8. | Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесін, оның ішінде мерчент ID деректерін жіберу және электрондық сауданы жүзеге асыру және электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев, Б.Ш. Шолпанқұлов |
9. | Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жатқызу өлшемшарттары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев, Б.Ш. Шолпанқұлов |
10. | Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кірісті айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы қараша | М.Е. Сұлтанғазиев, А.Е. Оразбек |
11. | "Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бүйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
12. | "Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
13. | "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
14. | "Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы найдалану туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | |||||
15. | "Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
16. | "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
17. | "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
18. | "Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2022 жылғы наурыз | А.К. Әмрин |
19. | "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бскіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев |
20. | "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
21. | "Электрондық шот- фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот- фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылгы 23 сәуірдегі № 384 бүйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
22. | "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е.Сұлтанғазиев |
23. | "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен аймалысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев. Б.Ш. Шолпанқұлов |
24. | "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев |
25. | "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев |
26. | "Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 634 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы наурыз | М.Е. Сұлтанғазиев, Б.Ш. Шолпанқұлов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.