"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережеде:
5-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"5. Жобалық офис Жобалық офистің басшысынан, орынбасардан, ғалымдардан және қоғамдық бірлестік төрағасынан тұрады.".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 21 қаңтардағы № 33-ө өкіміне қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы "14" қаңтардағы № 10-ө өкімімен бекітілген |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің құрамы
1. | Қасымов Сабыр Ахметжанұлы | "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының президенті, Жобалық офис жетекшісі (келісу бойынша) |
2. | Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша) |
3. | Жақыпов Мирболат Хабиұлы | "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша) |
4. | Исаева Светлана Нұрханқызы | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) |
5. | Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша) |
6. | Сейітқасымова Индира Нұрділдіқызы | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Қылмыстық саясат және криминология проблемаларын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша) |
7. | Хан Виталий Вячеславович | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) |
8. | Шапақ Унзила Шапаққызы | "M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti" акционерлік қоғамының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
9. | Шериязданов Бауыржан Рахымғалиұлы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері (келісу бойынша) |