"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 33-ө өкімі

      "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережеде:

      5-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "5. Жобалық офис Жобалық офистің басшысынан, орынбасардан, ғалымдардан және қоғамдық бірлестік төрағасынан тұрады.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 21 қаңтардағы
№ 33-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы "14" қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің құрамы

1.

Қасымов Сабыр Ахметжанұлы

"Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының президенті, Жобалық офис жетекшісі (келісу бойынша)

2.

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша)

3.

Жақыпов Мирболат Хабиұлы

"Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

4.

Исаева Светлана Нұрханқызы

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

5.

Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

6.

Сейітқасымова Индира Нұрділдіқызы

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Қылмыстық саясат және криминология проблемаларын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

7.

Хан Виталий Вячеславович

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

8.

Шапақ Унзила Шапаққызы

"M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti" акционерлік қоғамының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

9.

Шериязданов Бауыржан Рахымғалиұлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады