"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 110-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 1 тамыздағы
№ 110-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

Құқықтық
актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындау
ға
жауапты
мемлекеттік
орган

Орын
дау мерзімi

Құқықтық актіні сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

2.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

3.

"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2024 жылғы шілде

Ә.Ә. Бақаев

4.

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

5.

"Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

6.

"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

7.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

8.

"Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК
(келісу бойынша)

2024 жылғы шілде

Р.Т. Сейсембаев

9.

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2024 жылғы шілде

Т.І. Ешенқұлов
 

10.

"Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

11.

Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

12.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
бұйрығы

ҒЖБМ

2024 жылғы шілде

Т.І. Ешенқұлов

13.

"Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрығы

СЖРА
(келісу бойынша)

2024 жылғы шілде

О.А. Тулеуов

14.

"Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

15.

"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

16.

"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2024 жылғы шілде

Л.К. Мерсалимова

17.

"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

18.

"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

19.

"Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі
министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы шілде

Р.А. Коняшкин

20.

"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

21.

"Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

22.

"Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығы

ІІМ,
ОМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха, Н.В. Жумадильдаева

23.

"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

24.

"Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 44 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2024 жылғы шілде

Б.Б. Омарбеков

25.

"Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2024 жылғы шілде

Ж.К. Бүркітбаев

26.

"Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

27.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2024 жылғы шілде

Т.С. Сұлтанғазиев

28.

"Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2024 жылғы шілде

С.Т. Төленбергенов

29.

"Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2024 жылғы шілде

Н.В. Жумадильдаева

30.

"Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

31.

"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

32.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2024 жылғы шілде

Е.С. Нұрпейісов

33.

"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2024 жылғы шілде

Т.С. Сұлтанғазиев

34.

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2024 жылғы шілде

Л.К. Мерсалимова

35.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 05/326 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
Іс басқарушысының
бұйрығы
 

ПІБ
(келісу бойынша)

2024 жылғы шілде

Б.Ү. Әбілдинов

36.

"Телерадио хабарларын тарату (техникалық құрылысжай объектілері (радиотелевизиялық станциялар) саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 538 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2024 жылғы шілде

Е.Д. Кочетов

37.

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 776 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2024 жылғы шілде

Н.Қ. Шәрбиев

38.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

39.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы

МҚІА
(келісу бойынша)

2024 жылғы шілде

С.С. Мүксімов

40.

"Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2024 жылғы шілде

Б.Қ. Бекнияз

41.

"Автомобиль көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы шілде

Т.Т. Ластаев

42.

"Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 267 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы шілде

Т.Т. Ластаев

43.

"Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы шілде

С.Қ. Есімханов

44.

"Террористік тұрғыдан осал теңіз порттары объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндет атқарушысы 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 288 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы шілде

Т.Т. Ластаев

45.

"Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы шілде

И.Ш. Шархан

46.

"Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы шілде

И.Ш. Шархан

47.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы шілде

И.Ш. Шархан

48.

"Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы шілде

А.Ә. Сарбасов

49.

"Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

50.

"Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы шілде

И.В. Лепеха

51.

"Террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауызсумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 508 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы шілде

И.Ш. Шархан

52.

"Бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2024 жылғы шілде

Б.Б. Омарбеков

53.

"Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2024 жылғы шілде

Б.Б. Омарбеков

54.

"Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 284-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2024 жылғы шілде

Е.Д. Кочетов

55.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 1040 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы шілде

Д.О. Темірбеков

56.

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2024 жылғы шілде

А.А. Бижанова

57.

"Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/нс бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы

ҰҚК
(келісу бойынша)

2024 жылғы шілде

М.Ө. Қалқабаев

58.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 37 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2024 жылғы шілде

А.С. Сұлтанов

59.

"Террористік тұрғыдан осал химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы шілде

И.Ш. Шархан

60.

"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 11-1-4/184 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің бұйрығы

СІМ

2024 жылғы шілде

А.Ғ. Саинов


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

КМ

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МАМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

МҚІА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ОМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ӨҚМ

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ПІБ

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СЖРА

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі

СРИМ

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭТРМ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады