1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Жылу энергетикасы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Жергілікті өкілді (келісу бойынша) және атқарушы органдар тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтасын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 126-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Жылу энергетикасы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
2. | "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
3. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
4. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2024 жылғы қыркүйек |
А.Б. |
5. | "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
6. | "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
7. | Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бірлескен бұйрығы | ЭМ, ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек |
С.Қ. Есімханов |
8. | Гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
9. | Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігіне жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | О.С. Сапарбеков |
10. | Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
11. | Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.К. Есімханов |
12. | Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
13. |
Жылу энергетикасы саласында жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде және электр энергетикасы саласында энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
14. | Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.К. Есімханов |
15. | Жылумен жабдықтау субъектілерінің қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.К. Есімханов |
16. | Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | О.С. Сапарбеков |
17. | Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
18. | Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
19. | Өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
20. | Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | О.С. Сапарбеков |
21. | Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
22. | Электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
23. | "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
24. |
"Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
25. | "Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 57 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
26. | "Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
27. | "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
28. | "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
29. | "Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
30. | "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
31. | "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 665 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
32. | "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2024 жылғы қыркүйек |
А.Б. |
33. |
"Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2024 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
34. | "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2024 жылғы қыркүйек |
А.Б. |
35. | "Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | ЭМ, ҰЭМ | 2024 жылғы қыркүйек |
С.Қ. Есімханов |
36. | "Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 296 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
37. | "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2024 жылғы қыркүйек |
А.Б. |
38. | "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
39. | "I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 356 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2024 жылғы қыркүйек |
Ж.Ш. |
40. | "Электр қуаттарын орналастырудың 2035 жылға дейінгі перспективалық схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
41. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына жаңартылатын энергия көздері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
42. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына электр қуаты нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
43. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2024 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
44. | Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды және жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу немесе өтеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру қағидаларын бекіту туралы | республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының шешімдері | ЖӨО (келісу бойынша) | 2024 жылғы қыркүйек | республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттары аппараттарының басшылары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖӨО | – | жергілікті өкілді органдар; |
ӨҚМ | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі; |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі; |
ЭТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. |