"Тұранбанк" банкi мен Канаданың экспортты дамыту Департаментiнiң арасындағы келiссөздер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 7 қазан 1992 ж. N 293-ө

      1. Канада несие желiсiн пайдалану туралы Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi мен Канаданың экспортты дамыту Департаментiнiң арасындағы келiссөздердiң қорытындысы мақұлдансын.
      2. Тұранбанк шетел валютасындағы қарызға қатысты Заемшы ретiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсырмасы бойынша iс-қимыл жасаған жағдайда, Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң атынан шетел валютасымен есеп айырысу өкiлеттiгi берiлсiн.
      3. Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi 20000000 АҚШ доллары сомасында Канада несиесi есебiнен қаржыландырылатын жобалардың тiзiмiн әзiрлеп, Қазақстан Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      4. Көкшетау облысының әкiмшiлiгiне рапстың майлы дәнiн өңдейтiн кәсiпорын салуына және жабдықтармен жарақтануына Канада несиесi есебiнен 5000000 АҚШ доллары бөлiнсiн.
      5. Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi Басқарма Төрағасы О.М. Бейсенов арқылы "Қарыз туралы келiсiмге" "Армавир" совхозына /Ақмола облысы/ арналған егiн жинау комбайндары мен "Вестерн Комбайн Корпорейшн" фирмасының /Манитоба, Канада/ оларға арналған жабдықтарын сатып алуды қаржыландыру үшiн Канаданың экспортты дамыту Департаментiмен /ЕДС/ 3068000 АҚШ доллары сомасындағы "Ұсыну ретi туралы келiсiмге" қол қойсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады