1. Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi мен филиалдарына мыналар ұсынылсын:
- Инвестициялық жекешелендiру қорларының халықтың купондарын осы қорларға салуға шақыратын жарнама проспектiлерiн, буклеттерiн, парақшаларын, көркемдеп безендiрiлген қалқандарын, транспаранттарын және басқа да көрнекi үгiтiн банк мекемелерiнiң қызмет жайларында орналастыруға жол берiлмесiн.
- купондарды инвестициялық жекешелендiру қорларына аудару үшiн халықтан купондар қабылдау кезiнде инвестициялық жекешелендiру қорларының плакат түрiнде жазылған жариялы тiзiмдерiн басшылыққа алынсын. Осы тiзiмдердiң барлық жерде азаматтардың оқуына ыңғайлы белгiлi орында рет нөмiрiмен iлiнуi қамтамасыз етiлсiн.
- Халықтық банк мекемелерi қызметкерлерiнiң купон иелерi купондарын таңдаған қорға салуына бөгет жасайтын қандай да болсын iс-әрекеттерiне жол берiлмеуге тиiс деп саналсын.
- азаматтардың купондарын жинақтау мен орналастыру барысында жекелеген инвестициялық жекешелендiру қорларына мақсатты қызмет көрсету жөнiнде коммерциялық шарттар жасасылуына жол берiлмесiн.
2. Инвестициялық жекешелендiру қорлары:
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1289 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру купондары туралы ережеге сәйкес жекешелендiрудiң бiрiншi легiнде бiр адамнан купондардың тек 20 процентiн қабылдасын;
- купондарды қабылдау үшiн азаматтардан қосымша ақы алу
жәйттерiне жол берiлмесiн; - купондарды орналастыру туралы ақпарат Халықтық банкiнiң бөлiмшелерiне магниттi дискiлермен ғана берiлсiн; - өз қызметiн терiс ниетпен және әдепсiз жарнамалау жәйттерiне жол берiлмесiн. 3. Жолсыздық фактiлерi байқалған жағдайда инвестициялық жекешелендiру қорлары халық купондарын жинақтау құқығына берiлген лицензиядан айырылатын болады. Премьер-министрдiң орынбасары