Ферроқорытпа, отқа төзiмдi және химиялық өнiм саласында Қазақстан мен Ресей кәсiпорындарының арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 14 мамыр N 223-ө

      Ферроқорытпа, отқа төзiмдi және химиялық өнiм саласында Қазақстан мен Ресей кәсiпорындарының арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы делегацияларының жұмыстық кездесуiнiң 1996 жылғы 19 наурыздағы N 37-45/17 хаттамасы шешiмiн орындау мақсатында:
      1. "Қазхром" ұлтаралық компаниясына:
      1996 жылы Ресей металлургия кешенiне, химия және мұнай-химия өнеркәсiбiне берiлiп отырған тiзбеге сәйкес 500 мың тонна көлемде сұрыпталған ұсақ хром рудасын беруге 1996 жылдың 20 мамырына дейiн контракт жасау;
      1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн:
      хром рудасы, ферроқорытпа өндiрiсi саласында осылардың негiзiнде интеграцияланған кешен құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ресей тарапымен келiсiлген ұсыныстың жобасын енгiзу;

     Ресей Федерациясының Металлургия жөнiндегi комитетiмен
ұсақ фракциялық фром рудасын байыту және сықпалау арқылы
сұрыпталған тауар өнiмiн алу мүмкiндiгiнiң жобасы туралы мәселенi
шешу ұсынылсын.
     2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 14 мамырдағы
                                            N 223 өкiмiне
                                              қосымша

         Ресей металлургия кешенiнiң, химия және
         мұнай-химия өнеркәсiбi кәсiпорындарының
                        ТIЗБЕСI

______________________________________________________________________
     Кәсiпорынның  атауы                    беру көлемi
                                            мың. тонна
______________________________________________________________________
     "Ключевск ферроқорытпа зауыты" АҚ        20,0

     "Серовск ферроқорытпа зауыты" АҚ        165,0

     "Челябинск ЭМК" АҚ                      170,0

     "Магнезит комбинаты" АҚ                  80,0

     "Нижнетагиль меткомбинаты" АҚ             5,0

     "Новотроицк хром қоспалары зауыты" АҚ    60,0 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады