Жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 15 тамыздағы N 388

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiне жұмылдыру даярлық жүйесiн

реформалау және одан әрi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды уақтылы және
сапалы қамтамасыз ету мақсатында мына құрамды жұмыс тобы құрылсын:

     Андрющенко Н.А.           - Қазақстан Республикасы Экономика
                                 министрiнiң орынбасары, жетекшi

     Яловенко П.С.             - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                                 министрiнiң орынбасары, жетекшiнiң
                                 орынбасары

                       Жұмыс тобының мүшелерi:

     Әбiлғазин К.Ә.            - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                 Министрi орынбасарының кеңесшiсi

     Алиғожанов С.Қ.           - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                 коммуникациялар министрiнiң
                                 бiрiншi орынбасары

     Алтынбеков С.А.           - Қазақстан Республикасы Төтенше
                                 жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                                 комитетi төрағасының орынбасары

     Барбасов М.Ә.             - Қазақстан Республикасы Үкiмет
                                 Аппараты Өнеркәсiп саясаты бөлiмi
                                 меңгерушiсiнiң орынбасары

     Коробейников А.Н.         - Қазақстан Республикасы Еңбек
                                 министрiнiң орынбасары

     Косунов Н.А.              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                                 материалдық резервтер жөнiндегi
                                 комитетi төрағасының орынбасары

     Мұқашев Ж.Ж.              - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                 министрiнiң бiрiншi орынбасары

     Серебряков Ю.И.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                                 орынбасары

     Тыныбеков М.Қ.            - Қазақстан Республикасы Үкiмет
                                 Аппараты Қорғаныс және құқық тәртiбi
                                 бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi

     Шевелев В.В.              - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                 және сауда министрiнiң орынбасары



      2. Жұмыс тобына өзiнiң жұмысы үшiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдар мен ұйымдардың мамандарын тарту, олардан қажеттi мәлiметтердi сұрау және алу құқығы берiлсiн.
      3. Министрлiктер мемлекеттiк комитеттер және өзге орталық атқарушы органдар өздерi жетекшiлiк ететiн халық шаруашылығы салаларының жұмылдыру даярлық жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қажеттi материалдарды уақтылы табыс етсiн.
      4. Жұмыс тобы 1996 жылғы желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының жұмылдыру даярлық жүйесiн реформалау және одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiне жүктелсiн.
     Премьер-Министрдiң
        орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады