Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының конкурстық комиссиясы және Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты конкурстық комиссиясы туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 22 тамыз N 396. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.04. N 25 өкімімен. ~R990025


     ЕСКЕРТУ. Өкімнің күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.04. N 25 өкімімен.
               

R990025_

 

     Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының конкурстық комиссиясы
және Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты конкурстық комиссиясының
құрамы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 22 тамыздағы
                                           N 396 өкiмiмен
                                             бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының конкурстық
                         комиссиясы туралы
                              ЕРЕЖЕ

     I. Жалпы ережелер



      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратында мемлекеттiк қызметтiң бос орнына конкурсқа қатысушыларды бағалайтын конкурстық комиссияның құрылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
      Конкурстық комиссия тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

      II. Конкурстық комиссияның құрылуы және құрамы

      Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiмен комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелерi құрамында құрылады.

      III. Конкурстық комиссия қызметiнiң тәртiбi

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды бiлiмi туралы, мемлекеттiк қызметтi және басқа еңбек қызметiн өткергенi туралы құжаттар негiзiнде, сондай-ақ конкурсқа қатысушылар мен мүдделi органдар тапсырған ұсынымдар, сынап көру нәтижелерi және басқа материалдар негiзiнде бағалайды.
      Конкурсқа қатысушыларды бағалаған кезде комиссия мемлекеттiк қызмет бойынша талап етiлетiн тиiстi бiлiктiк талаптарын және қызмет нұсқаулығының талаптарын негiзге алады.
      2. Конкурстық комиссияның мәжiлiстерiн қажет болуына қарай комиссия төрағасы, ол жоқ кезде - төрағаның орынбасары шақырады.
      Егер де комиссия құрамынан кемiнде үштен екiсi қатысса, конкурстық комиссия мәжiлiсi заңды болады.
      3. Конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң даусын алған кандидат конкурстан өттi деп саналады.
      Егер де екi немесе одан көп кандидат қатысқан конкурсты өткiзген кезде дауыстар тең бөлiнсе, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болады.
      4. Конкурстық комиссияның дауыс беруiнiң нәтижелерi шешiммен ресiмделiп, оған комиссияның мәжiлiске қатысқан төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелерi қол қояды.
      5. Конкурс өткiзудiң нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң ұйғаруымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Жасырын дауыс беру өткiзiлген жағдайда оны әзiрлеу, хаттама жүргiзу, басқа материалдарын жазу комиссияның хатшысына немесе мүшелерiнiң бiреуiне тапсырылады.
      Конкурстық комиссияның шешiмiнде үш ай мерзiмге дейiн сынақ

белгiлеу қажеттiгi көзделуi мүмкiн.
     6. Конкурсқа қатысқан адамдар конкурстық комиссияның мәжiлiсiне
қатыса алады.
     Конкурстық комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң ұйғаруымен
кандидат қатыспаса да қабылдануы мүмкiн.
     7. Конкурстық комиссияның шешiмi азаматты тиiстi мемлекеттiк
қызметке тағайындауға, онымен келiсiм-шарт жасауға не одан бас
тартуға негiз болып табылады.
     8. Комиссия конкурсқа қатысқан әрбiр адамға конкурстың
нәтижелерi туралы комиссия шешiмi қабылданған күннен бастап бiр ай
iшiнде хабарлайды.
     9. Конкурстық комиссияның шешiмiне заңда белгiленген тәртiппен
шағым жасауға болады.


                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 22 тамыздағы
                                           N 396 өкiмiмен
                                             бекiтiлген

                Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты
                        конкурстық комиссиясының
                                ҚҰРАМЫ

     Шуткин С.И.           - Үкiмет Аппаратының Басшысы, комиссия
                             төрағасы
     Бегахметов Т.К.       - Үкiмет Аппараты Басшысының орынбасары,
                             комиссия төрағасының орынбасары
     Печерских В.Е.        - Кадр жұмысы бөлiмiнiң консультанты,
                             комиссия хатшысы

                           Комиссия мүшелерi:

     Ермекбаев Қ.          - Аппарат Басшысының орынбасары -
                             Үкiмет Кеңсесiнiң бастығы
     Көшербаев Қ.Е.        - Аппарат Басшысының орынбасары -
                             Аумақтық Даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Пепенин А.С.          - Кадр жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Құсайынов Х.К.        - Экономикалық саясат бөлiмiнiң
                             меңгерушiсi
     Котенко Н.Л.          - Қаржы, еңбек және ақша айналысы
                             бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Удовенко С.Л.         - Өнеркәсiп саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Құнанбаев С.Қ.        - Аграрлық сектордағы реформалар
                             бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Қанапиянов С.М.       - Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Смағұлов Н.Р.         - Қорғаныс және құқық тәртiбi
                             бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Мұхамеджанов О.Б.     - Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
                             меңгерушiсi
     Жиленков С.В.         - Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Жұбатқанов Н.С.       - Премьер-Министрдiң орынбасары
                             кеңесшiлер тобының жетекшiсi
      
      


Положение о конкурсной комиссии Аппарата Правительства Республики Казахстан и состав конкурсной комиссии Аппарата Правительства Республики Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 22 августа 1996 г. N 396-р. Утратило силу - распоряжением Премьер-Министра РК от 4 марта 1999 г. N 25-р ~R990025

      Утвердить прилагаемые Положение о конкурсной комиссии Аппарата Правительства Республики Казахстан и состав конкурсной комиссии Аппарата Правительства Республики Казахстан.

      Премьер-Министр
                                            УТВЕРЖДЕНО

распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 22 августа 1996 г. N 396-р


                          П О Л О Ж Е Н И Е
             о конкурсной комиссии Аппарата Правительства
                         Республики Казахстан

      I. Общие положения
      ------------------
      Настоящее Положение определяет порядок образования и деятельности конкурсной комиссии, оценивающей участников конкурса на замещение вакантной должности государственной службы в Аппарате Правительства Республики Казахстан.
      Конкурсная комиссия является постоянно действующим органом.

      II. Образование и состав конкурсной комиссии
      --------------------------------------------
      Конкурсная комиссия образуется распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан в составе председателя, заместителя председателя, секретаря и членов комиссии.

      III. Порядок деятельности конкурсной комиссии
      ---------------------------------------------
      1. Конкурсная комиссия оценивает участников конкурса на основании документов об образовании, о прохождении государственной службы и иной трудовой деятельности, а также рекомендаций, результатов тестирования и других материалов, представляемых участниками конкурса и заинтересованными органами.
      При оценке участников конкурса комиссия исходит из соответствующих квалификационных требований, предъявляемых по государственной должности, и требований должностной инструкции.
      2. Заседания конкурсной комиссии созываются по мере необходимости председателем, в его отсутствие - заместителем председателя комиссии.
      Заседание конкурсной комиссии правомочно, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава.
      3. Прошедшим конкурс считается кандидат, получивший большинство голосов присутствующих членов конкурсной комиссии.
      Если при проведении конкурса, в котором участвовало два или более кандидатов, голоса разделились поровну, голос председателя конкурсной комиссии является решающим.
      4. Результаты голосования конкурсной комиссии оформляются решением, которое подписывается председателем, заместителем председателя, секретарем и членами комиссии, принявшими участие в ее заседании.
      5. Решение конкурсной комиссии по результатам проведения конкурса принимается по усмотрению членов комиссии открытым или тайным голосованием. В случае проведения тайного голосования его подготовка, ведение протокола, других материалов поручается секретарю или одному из членов комиссии.
      В решении конкурсной комиссии может предусматриваться необходимость установления испытания сроком до трех месяцев.
      6. Лица, участвующие в конкурсе, могут присутствовать на заседании конкурсной комиссии.
      Решение конкурсной комиссии по усмотрению ее членов может приниматься в отсутствие кандидатов.
      7. Решение конкурсной комиссии является основанием для назначения гражданина на соответствующую государственную должность, заключения с ним контракта либо отказа в этом.
      8. Каждому участнику конкурса комиссией сообщается о результатах конкурса в течение месяца со дня принятия решения комиссии.
      9. Решение конкурсной комиссии может быть обжаловано в установленном законодательством порядке.
                                            Утвержден

распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 22 августа 1996 г. N 396-р


                             С О С Т А В

             конкурсной комиссии Аппарата Правительства
                        Республики Казахстан

     Шуткин С.И.      - Руководитель Аппарата Правительства,
                        председатель комиссии

     Бегахметов Т.К.  - заместитель Руководителя Аппарата
                        Правительства, заместитель председателя
                        комиссии

     Печерских В.Е.   - консультант Отдела кадровой работы,
                        секретарь комиссии

                          Члены комиссии:

     Ермекбаев К.     - заместитель Руководителя Аппарата -
                        начальник Канцелярии Правительства

     Кушербаев К.Е.   - заместитель Руководителя Аппарата -
                        заведующий Отделом территориального развития

     Пепенин А.С.     - заведующий Отделом кадровой работы

     Кусаинов Х.К.    - заведующий Отделом экономической политики

     Котенко Н.Л.     - заведующая Отделом финансов, труда и
                        денежного обращения

     Удовенко С.Л.    - заведующий Отделом промышленной политики

     Кунанбаев С.К.   - заведующий Отделом реформ в аграрном секторе

     Канапьянов С.М.  - заведующий Отделом внешних связей

     Смагулов Н.Р.    - заведующий Отделом обороны и правопорядка

     Мухамеджанов У.Б.- заведующий Отделом социально-культурного
                        развития

     Жиленков С.В.    - заведующий Юридическим отделом

     Жуватканов Н.А.  - Руководитель группы советников Заместителя
                        Премьер-Министра