Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 өкімін жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 4 наурыз N 25-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 өкіміне сәйкес:
      1. Орталық атқарушы органдардың басшылары 1999 жылғы 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өткізетін конкурстардың нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет лауазымдарының үшінші және одан төменгі санаттарындағы мемлекеттік қызметшілердің бос орындарына қабылдауды жүзеге асыру мақсатында аппараттардың бос мемлекеттік лауазымдарының тізімдерін берсін.
      2. Министрліктер, агенттіктер Қазақстан Республикасының Әділет

 

министрлігімен келісім бойынша осы мәселе жөніндегі ведомстволық

нормативтік актілерді Қазақстан Республикасы Президентінің

"Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы"

1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 өкімінің талаптарына сәйкес келтірсін.

     3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 тамыздағы

N 396 


R960396_


  және 1998 жылғы 5 наурыздағы N 50 өкімдерінің күші

жойылған деп танылсын.


     Премьер-Министр



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Орынбекова Д.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады