ЕСКЕРТУ. Өкімнің күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.04. N 25 өкімімен. R990025_ Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының конкурстық комиссиясы және Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты конкурстық комиссиясының құрамы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 22 тамыздағы N 396 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының конкурстық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратында мемлекеттiк қызметтiң бос орнына конкурсқа қатысушыларды бағалайтын конкурстық комиссияның құрылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Конкурстық комиссия тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
II. Конкурстық комиссияның құрылуы және құрамы
Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiмен комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелерi құрамында құрылады.
III. Конкурстық комиссия қызметiнiң тәртiбi
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды бiлiмi туралы, мемлекеттiк қызметтi және басқа еңбек қызметiн өткергенi туралы құжаттар негiзiнде, сондай-ақ конкурсқа қатысушылар мен мүдделi органдар тапсырған ұсынымдар, сынап көру нәтижелерi және басқа материалдар негiзiнде бағалайды.
Конкурсқа қатысушыларды бағалаған кезде комиссия мемлекеттiк қызмет бойынша талап етiлетiн тиiстi бiлiктiк талаптарын және қызмет нұсқаулығының талаптарын негiзге алады.
2. Конкурстық комиссияның мәжiлiстерiн қажет болуына қарай комиссия төрағасы, ол жоқ кезде - төрағаның орынбасары шақырады.
Егер де комиссия құрамынан кемiнде үштен екiсi қатысса, конкурстық комиссия мәжiлiсi заңды болады.
3. Конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң даусын алған кандидат конкурстан өттi деп саналады.
Егер де екi немесе одан көп кандидат қатысқан конкурсты өткiзген кезде дауыстар тең бөлiнсе, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болады.
4. Конкурстық комиссияның дауыс беруiнiң нәтижелерi шешiммен ресiмделiп, оған комиссияның мәжiлiске қатысқан төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелерi қол қояды.
5. Конкурс өткiзудiң нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң ұйғаруымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Жасырын дауыс беру өткiзiлген жағдайда оны әзiрлеу, хаттама жүргiзу, басқа материалдарын жазу комиссияның хатшысына немесе мүшелерiнiң бiреуiне тапсырылады.
Конкурстық комиссияның шешiмiнде үш ай мерзiмге дейiн сынақ
белгiлеу қажеттiгi көзделуi мүмкiн. 6. Конкурсқа қатысқан адамдар конкурстық комиссияның мәжiлiсiне қатыса алады. Конкурстық комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң ұйғаруымен кандидат қатыспаса да қабылдануы мүмкiн. 7. Конкурстық комиссияның шешiмi азаматты тиiстi мемлекеттiк қызметке тағайындауға, онымен келiсiм-шарт жасауға не одан бас тартуға негiз болып табылады. 8. Комиссия конкурсқа қатысқан әрбiр адамға конкурстың нәтижелерi туралы комиссия шешiмi қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде хабарлайды. 9. Конкурстық комиссияның шешiмiне заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 22 тамыздағы N 396 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты конкурстық комиссиясының ҚҰРАМЫ Шуткин С.И. - Үкiмет Аппаратының Басшысы, комиссия төрағасы Бегахметов Т.К. - Үкiмет Аппараты Басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Печерских В.Е. - Кадр жұмысы бөлiмiнiң консультанты, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Ермекбаев Қ. - Аппарат Басшысының орынбасары - Үкiмет Кеңсесiнiң бастығы Көшербаев Қ.Е. - Аппарат Басшысының орынбасары - Аумақтық Даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Пепенин А.С. - Кадр жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi Құсайынов Х.К. - Экономикалық саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi Котенко Н.Л. - Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiнiң меңгерушiсi Удовенко С.Л. - Өнеркәсiп саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi Құнанбаев С.Қ. - Аграрлық сектордағы реформалар бөлiмiнiң меңгерушiсi Қанапиянов С.М. - Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi Смағұлов Н.Р. - Қорғаныс және құқық тәртiбi бөлiмiнiң меңгерушiсi Мұхамеджанов О.Б. - Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Жиленков С.В. - Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi Жұбатқанов Н.С. - Премьер-Министрдiң орынбасары кеңесшiлер тобының жетекшiсi