Бiрлескен кәсiпорындардың қызметiн тәртiпке келтiру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 19 қараша N 520-ө
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп үш ай мерзiмде мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiк кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерi құрған бiрлескен кәсiпорындардың жарғылық қорындағы мемлекеттiң үлесiн айқындасын.
Жүргiзiлген жұмыстың нәтижесi бойынша аталған бiрлескен кәсiпорындардың тiзiлiмiн жасасын.
2. Бiрлескен кәсiпорындардағы мемлекеттiк үлеске иелiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қалдырылады деп айқындалсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз