1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747" авиалайнерлерiнiң соғысуына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәлімдемесі

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 21 қараша N 526-ө

      1996 жылғы 12 қарашадағы Нью-Делиде (Үндiстан) болған авиаапатына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ресми айқындамасын түсiндiру қажеттiгiне байланысты:
      1. 1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747" авиалайнерiнiң соғысуына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған мәлiмдемесi жариялансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т. Дүйсенов, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Ю.И. Лавриненко және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi К.А. Колпаков авиаапатқа байланысты құрылған комиссияның және оған тартылған заң консультанттарының жұмысын жалғастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, ведомстволарына, ұйымдары мен мекемелерiне болған авиаапатқа байланысты және оның жағдайларын тексеру барысы туралы осы iске байланысты алдағы уақытта Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғайтын "МсGuirе, Wооds, Bathie and Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасы өкiлдерiнiң келiсiмiмен жария түрде мәлiмдеме жасауға және ресми ақпарат беруге тек Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Ю.И. Лавриненко ғана уәкiлеттi екендiгi ескертiлсiн.

      Премьер-Министр
                                       Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 526 өкiмiне қосымша


             1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан)
      маңында болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi
          мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747"
                    авиалайнерлерiнiң соғысуына қатысты
                     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                               МӘЛIМДЕМЕСI

      Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында орташа биiктiкте болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747" авиалайнерiнiң соғысуы салдарынан болған адам шығынына байланысты қатты қайғыратындығын бiлдiредi және қайтыс болғандардың туған-туысқандары мен жақын-жуықтарына көңiл айтады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы оқиғаға байланысты жағдайды тексеру және оған ұшыратқан себептердi анықтау үшiн арнаулы комиссия тағайындады. Қазiр мамандар тобы Нью-Делиде үндiлiк өкiмет өкiлдерiмен бiрге осы тексерудi жүргiзу жұмысында. Алдын-ала алынған ақпараттарға қарағанда, "ИЛ-76" әуе кемесi тиiсiнше дұрыс техникалық жағдайда болған, оның экипажы қажеттi тәжiрибе мен бiлiктiлiкке ие болған және тиiстi түрде iс-қимыл жасаған.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi тексеру аяқталғанға дейiн ешқандай қосымша мәлiмдемелер жасамайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады