1996 жылы қуаңшылықтан зардап шеккен және өздерiн 1997 жылғы егiстiң жаздық астық дақылдарының тұқымымен қамтамасыз ете алмаған шаруашылықтарды қолдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 24 наурыздағы N 74

      1996 жылы қуаңшылықтан зардап шеккен және өздерiн 1997 жылғы егiстiң жаздық астық дақылдарының тұқымымен қамтамасыз ете алмаған шаруашылықтарды жекешелендiруден кейiн қолдау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мемлекеттiк ресурстардан 60 мың тонна жаздық астық дақылдарының тұқымын 1,1 астықпен қайтару коэффициентiмен несие тәртiбiнде және 29,3 мың тоннасын сапалы астыққа айырбастау тәртiбiнде, қосымшаға сәйкес облыстар бойынша бөле отырып, бөлу туралы Қаржыминiмен және "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамымен келiсiлген ұсынысы мақұлдансын.
      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы қолда бар тұқымдар мен тауарлы астықтың сақталған партияларын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң олардың жер мен мүлiкке байланысты кепiлдiк мiндеттемелерiмен жасалған шарттары бойынша берудi жүзеге асырсын.
      2. Облыс әкiмдерi аталған несиелердi және 1997 жылдың өнiмiнен

бұрын берiлген несиелердi осы өкiмнiң 1-тармағында белгiленген
шарттарда, 1997 жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей сөзсiз қайтаруды
қамтамасыз етсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Көлiккомминi облыстар мен
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының
өтiнiмдерi бойынша тұқымдарды уақтылы тиеп-жөнелтудi қамтамасыз
етсiн.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрiнiң
                                       1997 жылғы 24 наурыздағы
                                       N 74 өкiмiне қосымша

            1997 жылдың егiсiне мемлекеттiк ресурстардан
      несие және айырбастау тәртiбiмен бөлiнетiн тұқымдарды
                               БӨЛУ
                                                      мың тонна
     ______________________________________________________________
          Облыстар          |    Несиеге     |    Айырбастауға
     _______________________|________________|_____________________

     Ақмола                          -                  3
     Ақтөбе                         12                  5
     Атырау                          0,5                -
     Шығыс Қазақстан                 7                  4
     Жамбыл                          5                  -
     Батыс Қазақстан                28,5               11
     Көкшетау                        -                  2
     Павлодар                        -                  2
     Семей                           7                  -
     Торғай                          -                  2,3

     Жиыны                          60                 29,3
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады