Қаражат бөлу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 11 маусымдағы N 173
Қызылорда облысының әкiмiне - жағалауды бекiту жұмыстарын жүргiзуге және Сырдария өзенi арналарының аса қауiптi учаскелерiн түзетуге 8 (сегiз) млн. теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне - Түркiстан ауданында болған дауылдың, Төле би және Түлкiбас аудандарындағы жаңбырдан болған су басудың зардаптарын жоюға 6 (алты) млн, теңге, оның iшiнде қираған тұрғын үйлердi қалпына келтiруге 4,2 млн. (төрт миллион екi жүз мың/теңге және табиғи апаттардан зардап шеккен халыққа материалдық көмек көрсетуге 1,8 (бiр миллион сегiз жүз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне табиғи апаттардың зардаптарын жою жөнiндегi шығыстарды жабуға жетпеген сомаларды жергiлiктi бюджет қаражаттары және басқа да қосымша көздердiң есебiнен алу ұсынылсын.
3. Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне 1997 жылдың қорытындысы бойынша бөлiнген қаражаттардың пайдаланылуы туралы есептi ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз