Кеден және салық төлемдерiне бақылау жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1998 жылғы 14 мамырдағы N 85

      Негiзсiз кеден және салық жеңiлдiктерiн берудiң жалғасып келе жатқан фактiлерiне байланысты, сондай-ақ кеден және салық төлемдерiнiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi үкiметтiк актiлердiң атқарылуына бақылау жасау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi:
      1998 жылдың 15 маусымына дейiн мерзiмде 1997 жылғы 18 шiлдеге дейiн жасалған импорттық келiсiм-шарттар бойынша дербес тәртiппен ақы төлеу фактiлерiн белгiлеу үшiн "Келiсiм-шарттарға ақы төлеудi растау туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 209 бұйрығымен құрылған жұмыс комиссиясының қызметiне жан-жақты және мұқият тексеру жүргiзсiн;
      1997 жылғы 18 шiлдеге дейiн жасалған келiсiм-шарттар бойынша кеден және салық төлемдерiн төлеуден босату түрiнде бюджетке төлемдер бойынша негiзсiз жеңiлдiктер беру фактiлерi анықталған жағдайда қажеттi шаралар қабылдасын.
      Тексерулер жүргiзу кезiнде 1997 жылғы 18 шiлдеге дейiн жасалған келiсiм-шарттар бойынша қайта төлеудi жүзеге асырмау жағдайына, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша тараптар болып табылмайтын тұлғаларға төлемдер енгiзудiң құқықтық заңдылығы тұрғысына айрықша назар аударсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң қызметкерлерi мен оның органдарына жұмыс тобының барлық материалдарын, оның iшiнде тауарды әкелушiлердiң төлем тапсырмаларын, қаражатты уәкiлеттi банктердегi тауарды әкелушiлердiң шотынан есептен шығару туралы құжаттардың көшiрмелерiн (қаражаттың тауарды нақты әкелушiлердiң шотынан және нақты тауарлар бойынша қозғалысы туралы көшiрмелер), қаражаттың аударылуын растау ретiнде шетелдiк банктерден уәкiлеттi банкке түскен құжаттардың көшiрмелерiн берудi, сондай-ақ олар сұрататын барлық материалдарға қол жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi бiр айлық мерзiм iшiнде iстелген жұмыстар туралы ақпарат ұсынсын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады